Қазақстан • 28 Тамыз, 2017

Танымал диктор Тыныс Өтебай қайтыс болды

294 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін диктор, тележурналист, КСРО телерадиосының үздігі Тыныс Өтебай қайтыс болды. 

Тыныс Өтебай - 1944 жылдың 14 наурызында Ташкент облысы, Жоғары Шыршық ауданындағы Киік ата ауылында дүниеге келген. Қазығұрт ауданы орталығындағы 7 жылдық мектепті, Ташкент электрмеханика техникумын (1961), Ташкенттегі орыс тілі және әдебиеті институтын (1971) бітірген.

Еңбек жолын Ташкент трактор жасау завотында техник-электрик болып бастаған.

1963-66 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеді.

1967 жылы Өзбек радиосында диктор болып тұңғыш қазақ бағдарламасы "Замандасты" ашуға атсалысып, Өзбек теледидарына ауысты.

1971 жылдан "Қазақстан" телерадио комитетінде диктор, бас редактор, директор, комитет төрағасының 1-орынбасары қызметтерін атқарып келді.

Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанған.

Соңғы жаңалықтар