Жекпе-жек • 28 Тамыз, 2017

Будапештте дзюдодан Әлем чемпионаты басталды

415 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Бүгін Будапештте дзюдодан Әлем Чемпионаты басталды. Әлем біріншілігінің алғашқы күнінің іріктеу кезеңінің нәтижесі бойынша қазақстандық 3 дзюдошының екеуі жұбаныш белдесуінде белдесетін болса, біреуі жартылай финалға шықты.

Будапештте дзюдодан Әлем чемпионаты басталды

48 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Қазақстан ұлттық құрама командасынан татамиге Отгонцэцэг Галбадрах шықса, ерлерден 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде Елдос Сметов пен Ғұсман Қырғызбаев белдесті.

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг) жарысқа екінші айналымнан қосылды.  Әлем Чемпионатындағы алғашқы қарсыласы француз Франчиска Миланиден голден скорде басым түссе, екінші белдесуінде украиналық Дария Билодидті уақытынан бұрын таза жеңіп, ширек финалда Израиль спортшысы Ноа Минцерден басым түсіп, жартылай финалға  жолдама алды. Отгонцэцэг Галбадрах жартылай финалда жапон қызы Тонаки Фунамен кездеседі. Айта кетерлігі, Тонаки Фунамен Галбадрах бұған дейін Азия Чемпионатының жартылай финалында кездескенде Галбадрах Отгонцэцэг иппонмен жеңген болатын. Рейтингтегы орны – 13 орын.

Елдос Сметов (60 кг) алғашқы беледсуінде Мозамбик спортшысы Нэусо Сигаукені жеңіп, екінші айналымда бразилиялық Эрик Такабатакемен негізгі уақытта тең күресіп, қосымша уақытта вазари ұпайымен басым түсті. Ирандық Мохаммат Рашнонезадты таза жеңген Елдос Сметов ширек финалда Әзірбайжан спортшысы Орхан Сафаровқа ескерту қағазымен ұтылып,  жартылай финалға  өте алмады. Енді Елдос Сметов жұбаныш белдесуінде моңғолиялық Ганбат Болдбаатармен күреседі.

Ғұсман Қырғызбаев (60 кг) жарыстың бірінші айналымыда-ақ бірінші қарсыласы француз Ривол Чедрикті айқын басымдықпен жеңіп, екінші айналымда Италия спортшысы Элиос Манциден де айласын асыра алды. Үшінді айналымдағы қарсыласы  моңғол спортшысы Дашдава Амартувшинді жеңген дзюдошымыз Ғұсман Қырғызбаев  ширек финалда чех спортшысы Павел Петриковқа қосымша уақытта есе жіберіп, жұбаныш белдесуінде күресуге мүміндік алды. Отандасымыздың жұбаныш белдесуіндегі қарсыласы – өзбек балуаны  Мухриддин Тиловов.

Естеріңізге сала кетсек, Будапештте дзюдодан Әлем Чемпионаты өтуде. 28 тамыз бен 3 қыркүйек аралығында өтетін әлем біріншілігіне әлемнің 126 елінен 731 дзюдошы қатсып жатыр. Аталмыш додада Қазақстан құрама сапынан 18 дзюдошы ел намысын қорғайды. Олар:

         Ерлер:

  1. Елдос Сметов (60 кг)
  2. Ғұсман Қырғызбаев (60 кг)
  3. Азамат Мұқанов (66 кг)
  4. Елдос Жұмаханов (66 кг)
  5. Жансай Смағұлов (73 кг)
  6. Азиз Қалқаманұлы (81 кг)
  7. Ислам Бозбаев (90 кг)
  8. Максим Раков (-100 кг)
  9. Ержан Шынкеев (+100 кг)

Әйелдер:

  1. Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)
  2. Севара Нышанбаева (57 кг)
  3. Анна Казюлина (57 кг)
  4. Мариан Урдабаева (63 кг)
  5. Ділбар Өмірәлиева (63 кг)
  6. Зере Бектасқызы (70 кг)
  7. Альбина Амангелдиева (-78 кг)
  8. Зарина Райфова (-78 кг)
  9. Гүлжан Исанова (+78 кг)