Елбасы АҚШ Энергетика министрінің орынбасарымен кездесті

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Америка Құрама Штаттары Энергетика министрінің орынбасары Дэн Бруйллэттпен кездесті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Егемен Қазақстан
28.08.2017 1031

Мемлекет басшысы екіжақты кездесу барысында АҚШ Энергетика министрінің орынбасарына халықаралық «ЭКСПО-2017» мамандандырылған көрмесіне қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

Нұрсұлтан Назарбаев дипломатиялық байланыстарымыз орнаған 25 жыл ішінде екі ел арасында сенімді ынтымақтастық қалыптасқанын айтты.

– Біз биыл дипломатиялық қарым-қатынасымыздың 25 жылдығын атап өтеміз. Осынау жылдар ішінде Қазақстан АҚШ-пен сенімді серіктестік орнатты, бұл қарым-қатынасқа ешқандай көлеңке түскен емес. Осы уақытта энергетика және демократиялық әріптестік салаларындағы келісімдерге қол қойылды. Біз ядролық қаруға қарсы күрес жүргізу мәселесін бірлесе шешіп отырдық. Халықаралық күн тәртібіндегі барлық мәселе бойынша Қазақстан мен сіздің елдеріңіздің ұстанымы бірдей болды, – деді Мемлекет басшысы.

Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен АҚШ арасындағы экономикалық қарым-қатынастардың нәтижелеріне ерекше тоқталып, оны әрі қарай дамытуға ниетті екенімізді атап өтті.

– Қазақстанда Америка капиталының қатысуымен 500-ден астам компания жұмыс істеп жатыр. Олардың қатарында еліміздің экономикасына 40 миллиард АҚШ долларын құйған ірі мұнай компаниялары бар. Біз ынтымақтастығымызды одан әрі дамытуға әзірміз, – деді Қазақстан Президенті.

Д.Бруйллэтт АҚШ Президенті Д.Трамптың атынан Нұрсұлтан Назарбаевты және барша қазақстандықтарды «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің өтуімен құттықтады.

– Біз екіжақты қарым-қатынасымызды энергетика секторында ғана емес, сондай-ақ басқа салаларда да жалғастыруға дайынбыз. Мен бүгін Қазақстанның бірқатар мемлекеттік органдарының жетекшілерімен, соның ішінде елдеріңіздің Энергетика министрімен кездестім. Сонымен қатар, Вашингтон Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымы мен Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымына мүше болуына қолдау көрсетуге ниетті екенін жеткіземін, – деді АҚШ Энергетика министрінің орынбасары.

Бұдан бөлек, Д.Бруйллэтт Қазақстанда шетел бизнесмендеріне қолайлы жағдай жасалғаны, соның ішінде инвесторларға арналған визалық режімге өзгеріс енгізілгені үшін Мемлекет басшысына алғыс айтты.

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

18.06.2018

Қызылордалық үздік стартап-кәсіпкерлер 1 миллион теңге сыйақымен марапатталады

18.06.2018

Кез келген мамандық егер сен оны жақсы көрсең бақытқа айналады - Елбасы

18.06.2018

Жапониядағы жер сілкінісінен зардап шеккен қазақстандықтар туралы ақпарат түскен жоқ - ҚР СІМ

18.06.2018

«Астана-Алматы» пойызының 400-ден астам жолаушысы Алматыға жеткізілді

18.06.2018

Сотталғандарды қоғамдық жұмыстарға тарту мәселесін қайта қарау қажет – С. Бычкова

18.06.2018

Наталья Жұмаділдаева: Мұғалімдерге артық міндет жүктелуде

18.06.2018

Адвокаттық қызмет туралы заң жобасы жетілдірілді

18.06.2018

Михаил Бортник: «Нұрлы жердің» орындалу барысы алаңдатады

18.06.2018

Бірғаным Әйтімова: Мәлімет неге дер кезінде берілмейді?

18.06.2018

Сәдуақас Сейфуллин. Не қылдыңдар?

18.06.2018

Атақты баскетболшы Увайс Ахтаев туралы сыр

18.06.2018

Иген Хасенұлы. Жамбыл ата шарапаты

18.06.2018

ӘЧ: Қызықтың бәрі алда

18.06.2018

ӘЧ: Швейцария шыңға шығуды армандайды

18.06.2018

ӘЧ: Сербтер сенім артқан серкелер

18.06.2018

Ұлттық домбыра күні ұлықталады

18.06.2018

Жамбылда 108 жастағы әже тұрады

18.06.2018

«Аспан көшпенділері» альбомы жолға шықты

18.06.2018

«Бозоқ аруы» атты кітап жарық көрді

18.06.2018

Кәмел Жүністегі. Домбыраның қоңыр үні

ТАҒЫ ЖҮКТЕУ
КОЛУМНИСТЕР

Қарашаш ТОҚСАНБАЙ, «Егемен Қазақстан»

Ән мен күйдің бұлағы – Астананың құрағы 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Басынан бағы таймасын - Жақсыбай Самрат

Ақмолаға бақ ерте қонды, оның аумағы тіпті патша заманында облыс болған. Орталығы Омбы қаласы болғанымен облыстың Ақмола атануының өзі оның ерте танылғандығының белгісі. Әйтпесе осы облыс құрамында сол кездегі Ақмола­дан үлкен Омбы, Қызылжар, сәл кішірек Көкшетау, Атбасар қалалары болған, бірақ соған қарамай облыс атауын Ақмо­ла иемденген.

Жарқын ШӘКӘРІМ, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері

Нағыз қазақ...

 Домбыра – қазақтың жаны, қазақтың көзі, терең тамырлы тұңғиығы, сан ғасыр­лық серігі, ағыл-тегіл күйі. Сандаған ғасыр­­лардан жеткен Қорқыттың қобы­зы үніндей інжу-маржан сазды әуені. Домбыра күй күм­безін көкке өрлеткен кө­ненің көзі, тәңірдің құдіреті. Кетбұғаның күй күңіренісі, Ноғайлының зар заманы, Сы­пыра жырау, Асан Қайғы, Қазтуған, Дос­панбет, Шалкиіз­дердің жыр арқауы, қанаты. Байжігіт пен Абы­лай ханның күй төгілткен жан серігі. Күні кешегі Нұрғиса мен Қаршығалардың дүл­дүл күйшілігі. Бүгінгі музыка өнері бәйте­регінің тамырлы шежіресі. 

Анар ТӨЛЕУХАНҚЫЗЫ, «Егемен Қазақстан»

«Minecraft»: еңбекке жетелей ме, еліктіре ме?

Бүгінде балаларды еліктіріп, баурап алатын қызықтардың саны жеткілікті. Барлығы жеткіншектің ой-өрісінің дамуына, физикалық тұрғыда шыңдалуына, жан-жақты болып өсуіне ықпал ете ме, жоқ әлде зиянды тұстары молырақ па?

Сайраш ӘБІШҚЫЗЫ, Қазақстанның білім беру ісінің құрметті қызметкері

Педагогикалық басылымдарға қолдау қажет

Тәуелсіздік алғаннан бері еліміздің баспасөз саласы да нарықтық қатынас­тар­ға біртіндеп ене бастады. Бүгінде оны қаптаған ақпарат құралдарынан көріп отырмыз. 

ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР

Тағы да оқу

Пікірлер(0)

Пікір қосу