Аймақтар • 29 Тамыз, 2017

Үш ауысымды мектептер азайды

280 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тамыз конференциясында об­лыс басшысы Ж.Түймебаев өңір мектептерінің жыл бойы ат­қарған жұмыстарының нә­тижесі көрсетілген интер­ак­тив­ті тақтадағы көрмемен та­ныс­ты. Білім саласында жақ­сы өз­ге­­ріс­тер көп. Бұрынғы тап­­­тау­рын жол­­­дан шыққан ұс­таз­­дар білім бе­рудің ілкімді тәжірибелерін меңгерген. Осы саладағы келеңсіз жағдайлар азай­ған. Мәселен, бұ­рын мек­теп­­ке оқушы қабылдау мен бала­бақшаға бүлдіршінді ке­­зек­­ке қою бармақ бас­ты, көз қыс­тымен орындалып келсе, бү­гінде бұл жүйе толық­тай электронды тәртіпке көші­рілген.


Үш ауысымды мектептер азайды

Оңтүстік адам ресурсына бай болғандықтан балабақша ке­зе­гінде елу мыңға дейін бүл­діршін бар еді. Электронды жү­йе­нің артық­шылығы – төбе­сімен көк тіреген дәудің баласы болса да кезектен аттап өте ал­майды. Әр ата-ана толық ақ­параттандырылған жүйеден бәрін көріп отырады.

Жиынға Білім және ғы­лым министрлігінің өкілі, облыс­тық мәслихат депутаттары мен бас­қарма басшылары, аудан, қала әкімдері, жалпы бі­лім саласына қатысты құры­лымдардың жетекшілері, барлығы 800-ден астам адам қатысқан.

Облыстық білім басқарма­сының басшысы Исатай Сағын­дықов саладағы жетістіктер мен ал­да атқарылатын жұмыс­тар жа-йын баяндады.

Атап айтқанда, биыл білім сала­сын қаржыландыруға об­лыс­тық бюджеттен 257,6 млрд тең­ге бөлініп, өткен жылмен салыстырғанда 19 млрд тең­­геге артып отыр. Мұнан бө­лек, осы жылы 31,2 млрд тең­­геге 79 білім нысанының құ­­ры­­лысы жүргізіліп жатса, оның ішінде 29-ы жыл соңына дейін аяқталып, пайдалануға берілмек.

2016 жылы апатты және үш ауысымды 43 мектеп болған еді. Ағымдағы жылы 20 мектеп пайдалануға тапсырыла­ды. Ал қалған 23 мектептің құры­лысын 2018-2019 жылдары аяқ­тау жоспарланған. Мектепке де­йінгі тәрбие мен білім беру мекемелері өткен оқу жылымен салыстырғанда 95 бірлікке артып, балабақшаға кезекке тұрған 3-6 жастағы балалар саны 43 мыңнан 28 мыңға азайды.

Мемлекеттік бағдарламаға сәй­­кес мектеп оқушылары те­гін оқулықтармен қамта­ма­сыз еті­­луде. Облыс бойынша осы оқу­лықтарға жалпы 4,5 млрд тең­ге бөлініп, өткен жылмен са­лыстырғанда 1,8 млрд тең­геге өсті.

Жиын барысында сөз алған облыс басшысы өңір педагог­тарын жаңа оқу жылымен құт­тықтады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Табысты болудың ең ір­гелі, бас-ты факторы білім еке­нін әркім терең түсінуі керек. Жастарымыз басымдық бе­ретін межелердің қатарында білім әрдайым бірінші орында тұруы шарт. Себебі, құнды­лықтар жүйесінде білімді бә­рі­нен биік қоятын ұлт қана та­бысқа жетеді», деген болатын. Сондықтан да бүгінгі таңда бі­лім беру мазмұнына, оқушы мен педагог тұлғасына және қыз­метіне деген көзқарастар тү­бе­гейлі өзге­ріске бет бұрып отырған күрделі ке­зең, деді өңір басшысы.

Облыс әкімі саладағы кем­шін түсіп жатқан мәселелерге де тоқ­­талды. Күрделі мәселе­лерді шешудің жайттарын таразылады. Бұл күн кейбір ұстаздар үшін қоныс тойына ұласты.

Тамыз конференциясында білім саласында талай жылдардан бері үлгілі қызмет етіп келе жатқан өңірдегі үш ұс­тазға, атап айтқанда, Шым­кент қаласының М.Жұма­баев атындағы №39 жал­пы ор­та мектебінің бастауыш сы­нып мұ­ғалімі Айнұр Дүйсебе­коваға, №66 Қазығұрт жалпы орта мектебінің информатика пәні­нің мұғалімі Жанат Мұ­сае­ваға және Түркістан қа­­­­­ла­сын­дағы №9 Некрасов атын­­дағы гимна­зиясының қа­­­зақ тілі пәні мұғалімі Ве­не­ра Батырқұловаға пәтер кіл­­ті табысталды. Соны­­мен қа­тар, Білім және ғы­лым министрлігінің награда­ла­ры аясында 5 мұғалім «Ы.Алтынсарин», 5 ұстаз «Бі­лім беру ісінің құрметті қыз­меткері» төсбелгілерімен марапатталды.

Бүгінде өңірде орта мектеп­те 69 мыңнан аса мұғалім білім береді. Биылғы оқу жылында 640 мыңға жуық оқушы мектеп табалдырығын аттайды деп күтілуде.

Бақтияр ТАЙЖАН,
«Егемен Қазақстан»

Оңтүстік Қазақстан облысы

 

Соңғы жаңалықтар