Үкімет • 29 Тамыз, 2017

Үкіметте 2018–2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы қаралды

278 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында 2018-2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы қаралды. Бұл туралы primeminister.kz хабарлады.

Үкіметте 2018–2020 жылдарға арналған бюджеттік параметрлер мен Ұлттық қор болжамы қаралды

ҚР ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов республикалық бюджет кірістері (трансферттерді есепке алмағанда) 2018 жылы 5 528,4 млрд теңге сомасына, 2019 жылы  -  6 403,9 млрд теңгеге, 2020 жылы — 7 175,8 млрд теңгеге болжамдалғанын баяндады. 2018 жылы бюджет тапшылығын ЖІӨ-ге 1,1%-ға дейін төмендету, 2019-2020 жылдары ЖІӨ-ге 1,0% деңгейінде анықтау ұсынылған. 

Болжамды түсімдер мен жоспардағы тапшылық деңгейін есепке алғанда республикалық бюджет шығындарының болжамы 2018 жылы 9,2 трлн теңге көлемінде, 2019 жылы — 9,7 трлн теңге, 2020 жылы — 10,2 трлн теңге көлемінде анықталған.

Мұнай бағасы барреліне 45 АҚШ доллары кезіндегі Ұлттық қордың болжамды түсімдері мен кепілдікті трансфертті төмендету есебінен Ұлттық қордың жалпы қаражат көлемі 2020 жылы болжам бойынша 62,4 млрд АҚШ долларын (ЖІӨ-ге 32,5%) құрайды, деді министр.