Парламент • 29 Тамыз, 2017

Қ. Тоқаев Пагуош конференциясының жабылу салтанатына қатысты

32 реткөрсетілді

Сенат Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев Пагуош ғалымдар қозғалысының «Жаңа ядролық қауіп-қатерге қарсы іс-қимыл» атты 62-ші конференциясының жабылу салтанатына қатысты.

25-29 тамыз аралығында Астанада өткен форумда көрнекті ғалымдар, саясаткерлер, Біріккен Ұлттар Ұйымының және басқа да халықаралық ұйымдардың өкілдері, қауіпсіздік саласындағы сарапшылар бас қосты.

Қ. Тоқаев өз сөзінде Пагуош конференциясы ашылған сәтінен бастап өзінің ғылыми идеяларымен, ядролық қарудан азат әлем құру мәселелері жөніндегі аса маңызды мазмұнды және сындарлы пікірсайыстарымен танымал екенін еске салды. Төраға түрлі мемлекеттердегі азаматтардың, оның ішінде жастардың арасында қарусыздану идеяларын кеңінен таратуда Пагуош қозғалысының рөлін жоғары бағалады.

Оның сөзінде ядролық қаруға қарсы халықаралық қозғалысқа Қазақстанның жаңа серпін бергені атап өтілді. Сенат Төрағасы: «26 жыл бұрын дәл осы күні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи Жарлығына сәйкес Семей ядролық полигоны жабылған болатын, ол қаруды таратпау және қарусыздану саласындағы жаһандық күш-жігерде басты рөл атқарады», - деп атап өтті.

Өзінің сөзін аяқтай келіп Қ. Тоқаев Қазақстан Республикасы бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту үшін Пагоуш қозғалысымен нәтижелі байланыстарды жалғастыра беретініне сенім білдірді.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ұқсас жаңалықтар