ЭКСПО-2017 • 29 Тамыз, 2017

ЭКСПО-да Вьетнамның ұлттық күні аталып өтті

321 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Бүгін ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесі аясында Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық күні мерекеленді. 

 ЭКСПО-да Вьетнамның ұлттық күні аталып өтті

Вьетнам Мәдениет, спорт және туризм министрі Нгуен Нгок Тхенның айтуынша, Вьетнамда күн, жел энергиясы және биомасса елдеді ұлттық энергияны дамыту бас жоспарына енгізілген. 2015 жылы Вьетнам Үкіметі елдің 2030 және 2050 жылға қарай жаңартылатын энергияның даму стратегиясын жариялады.

«Қазақстанды «Болашақ энергиясы» тақырыбындағы ЭКСПО-2017 Халықаралық мамандандырылған көрмесін сәтті өткізуімен құттықтаймын. Вьетнам Социалистік Республикасы - Астана қаласындағы Көрмеге қатысуын растаған алғашқы мемлекеттердің бірі. Павильонның тақырыбы: «Дәстүрлі және заманауи энергетика қосылысы– Вьетнамның болашақ энергиясы». Мемлекет павильоны таза энергия көздеріне негізделген, сондай-ақ дәстүр мен ерекше мәдени құндылықтарды сипаттайды», - деді Нгуен Нгок Тхен.

Өз кезегінде Мәжіліс Төрағасының орынбасары Владимир Божко Вьетнамның экспозициясы ЭКСПО-2017 Көрмесіндегі ең қызықты павильондардың бірі екендігін атап өтті.

 «Вьетнам Социалистік Республикасының Ұлттық павильоны көрмеге келушілердің назарын аударатындығы мәлім. Статистика бойынша соңғы жылдары мемлекет озық инновацияларды тиімді енгізу арқылы Азиядағы экономикасы қарқынды дамыған елдер қатарынан орын алды. Вьетнам Үкіметі ұлттық энергетикалық жүйені, әсіресе жаңартылатын энергияның баламалы көздерін дамытуға ерекше назар аударады»,- деп қорытындылады Мәжіліс Төрағасының орынбасары.

Вьетнам Социалистік Республикасы - Азияның оңтүстік-шығысында, сондай-ақ Үндіқытай түбегінің шығыс бөлігінде орналасқан және көркем табиғаты, көне ғибадатхана кешендері және мәдени мұрасымен белгілі. Дүниежүзілік банк есебінде Вьетнамның су энергетикалық әлеуетін дамыту тұрғысынан әлемдегі жетекші 14 ел қатарында екендігі ескерілген. Сондай-ақ, Вьетнамның жел энергиясын өндіру және күн энергиясын пайдалану мүмкіндігі зор.

Соңғы жаңалықтар