Бокс • 31 Тамыз, 2017

ӘЧ-2017. Қайрат Ерәлиев финалға шықты (ВИДЕО)

156 реткөрсетілді

Ол жартылай финалда ағылшындық боксшы Питер МакГрейлді жеңді.

Бүгін бокстан Германияның Гамбург қаласында өтіп жатқан Бокстан әлем чемпионатының жартылай финалдық бәсекесі басталды. Қазақстандық боксшылардан екінші болып ринг төріне 56 килодағы отандасымыз Қайрат Ерәлиев шықты. Ол 2017 жылғы Еуропа чемпионы ағылшындық боксшы Питер МакГрейлмен жұдырықтасып, ұпай саны бойынша басым түсті.

Алғашқы раундта боксшылар бір-бірімен аңдысып, әлсіз тұстарын іздеуге тырысып көрді. Ал раундтың соңғы бір минутында екі боксшы да ашық жекпе-жекке кірісіп, біраз соққы алмасқан болатын. Бірақ, екі боксшыда анық соққы жасай алмады.

Екінші раундты Қайрат Ерәлиев ширақ бастап, көп соққы жасады. Нәтижесінде, екі соққысының бірі қарсыласына дөп тиіп жатты. Ал МакГрейл қарсы шабуылға иек артып көрген еді, алайда Қайрат жылдамдығының арқасында ағылшындық боксшының соққыларын өзіне тигізбеді.

Үшінші раундта да Қайрат қайраттылық танытып, қарсыласынан бір бас жоғары екенін дәлдеді. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Қайрат Ерәлиев қарсыласын айқын басымдықпен ұтып, әлем чемпионатының финалына шықты. Енді ол финалда америкалық боксшы - Дюк Раганмен алтын медаль үшін сынға түсетін болады.

Айта кетейік, Қайрат Ерәлиевте кем дегенде әлем біріншілігінің күміс жүлдесі бар. Ол 2013 жылы Алматыда өткен әлем чемпионатындағы нәтижесін жақсартты. Сол жылы Қайрат әзербайжандық Джавид Челебиевтен жеңіліп, қола жүлде еншілеген болатын.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Іргелі ізденістер ошағы

Аймақтар • Кеше

Арам ойы іске аспады

Аймақтар • Кеше

Атырау – Арыспен бірге

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар