ЭКСПО-2017 • 01 Қыркүйек, 2017

Павлодарда ЭКСПО-2017-ге арналған фестиваль өтті

45 реткөрсетілді

Облыс орталығындағы қалалық саябақта этномәдени бірлестіктер арасындағы «Бір шаңырақ аясында» атты фес­тиваль қалыптасқан дәстүр бойынша жыл сайын өткізіледі. Биыл Ассамблеяның жергілікті филиалы бұл фестивальді ЭКСПО-2017 көрмесіне арнады. Фестивальде чуваш этно-мәдени бірлестігі өз өнерлерін көрсетті. Бірлестік 20 жыл бойы ел бірлігін сақтауда қыз­мет етіп келеді. Облысқа танымал «Сеспель» чуваш фоль­клор­лық ансамблі халық ән­дері мен билерін орындады. Қалалық саябаққа жиналған тұрғындар чуваш халқының әндерін тыңдап, мәдениетімен, ұлттық тағамдарымен және салт-дәстүрлерімен танысты. Сондай-ақ, қазақ және орыс әндері де шырқалды. Фольклорлық ансамбль Чебоксарыда өткен жалпыресейлік «Родники Поволжья» фестивалінде лауреат атанған екен. 

Мерекеге жиналған жұрт­шылық чуваштардың дәмді бәліштерінен де ауыз тиді. Этно-мәдени бірлестіктің басшысы Елена Сафронованың айтуынша, жалпы чуваш тілі осыдан он жылдай уақыт бұрын «Қызыл кітапқа» еніпті. Облыста өтетін осындай мерекелерде ұлттық фольклорлық ансамбль жастардың өз хал­қының салт-дәстүрін, ән-билерін, ана тілін ұмытпаулары үшін қажет. 

Ассамблеяда тіл үйрету үйірмелері жұмыс істейді. Бұл мақсатты ойды Чувашиядан келген ұлттық конгресс мүшесі В.Федотов құттықтау сөзінде де атап өтті. Бүгінде өңірде 700-ге жуық чуваш тұрады. Аз болса да бірлігі мен тірлігі жарасқан, түркітілдес бауырластар Қазақ жерін отанындай көріп, ұлттық құндылықтарын сақтап, туған тілдерін жаңғыртып келеді. 

Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Фото: Мақсат АЙТБАЕВ
Павлодар облысы


 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Ымыраластыруға ынтамен кірісті

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Жан азығы

Руханият • Бүгін, 09:34

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар