ЭКСПО-2017 • 03 Қыркүйек, 2017

К.Казали: ЭКСПО-2017 көрмесі – болашақ энергиясын дамытуға керемет мүмкіндік

177 реткөрсетілді

Гватемала Республикасының Ұлттық күні

Бүгін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрме аясында Гватемала Республикасының Ұлттық күні атап өтілді. Гватемала Латын Америка аумағындағы мемлекеттер арасында электр энергия өндірісі орталығы болып табылады. Бұл туралы іс-шара барысында Сыртқы істер министрлігінің көпжақты және экономикалық халықаралық қатынас жөніндегі Бас директордың орынбасары Карлос Казали мәлімдеді. Оның айтуынша, ЭКСПО-2017 көрмесі халықтарға «Болашақ энергиясын» өндіру және дамыту үшін шығармашылық және инновациялық тұжырымдамаларын қолдануға тамаша мүмкіндік береді.

«Гватемала - жаңартылатын энергия көздерін дамыту идеялары мен жобаларын көрсету арқылы Астанадағы Көрменің тақырыбын дамытуға үлес қосатын елдердің бірі. Табиғи ресурстардың алуан түрлілігі арқасында, Гватемаланың ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысуы біздің энергетикалық салаға тікелей шетелдік инвестицияларды тартуға мүмкіндіктер берді. Көршілес елдерді, сондай-ақ бүкіл су электр станцияларды сумен қамтамасыз ететін негізгі ресурс – мемлекеттегі өзендер. Гватемаланың Тынық мұхиты жағалауындағы аймақта қант құрағы плантациялары орналасқан, олар сонымен қатар, биомасса энергиясын өндіру ресурстардың бірі », деп атап өтті Карлос Казали.

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Алексей Цой өз кезегінде Көрменің тақырыбы кездейсоқ таңдалмағандығын, «Болашақ энергиясы» Қазақстанның 2050 жылға қарай жаңартылатын энергия көздеріне көшу мақсатын көрсететінін хабарлады.

«Қазақстан Гватемаламен саяси, экономикалық, ғылыми, технологиялық және мәдени, сондай-ақ баламалы энергия көздері саласында ынтымақтастықты нығайтуға мүдделі. Гватемала Республикасының Ұлттық күні екі мемлекет арасында өзара тиімді екі жақты қатынасты нығайтуға жаңа мүмкіндіктер беретініне кәміл сенемін», - деп қорытындылады Денсаулық вице-министрі.

Жаңартауымен танымал Гватемала энергияның 61% жаңартылатын энергия көздерінен өндіреді. Мемлекет энергиясының басым бөлігін су энергетикасы құрайды. Энергияның 57% үлесі су электр станцияларында алынады. Сонымен қатар, елде күн, жел энергиясы мен биомасса өндіріледі.

ЭКСПО-2017 көрмесінің Латын Америка плазасында 8 мемлекет ұсынылған, оның ішінде Гватемала Республикасы ерекше орынды алады. Павильон экспозициялары Көрме келушілерін мемлекеттегі жаңа технологияларымен, сондай-ақ Латын Америка елінің мәдениеті және тарихымен таныстырады.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • Бүгін, 09:14

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Ұқсас жаңалықтар