ЭКСПО-2017 • 04 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-2017. «Hispanic Cinema Screenings» кинофильмдер көрсетілімі өтті

115 реткөрсетілді

30 тамыз бен 1 қыркүйек аралығында ЭКСПО-2017 халық­ара­лық көрмесі аумағындағы қазіргі заманғы өнер орталығында Ис­пания және Боливияда шығарылған «Hispanic Cinema Screenings» кинофильмдер көрсетілімі өтті. 

Испания Король­дігі, Боливия, Қазақстан Республикасындағы және Ресей Фе­де­рациясындағы Испания елшіліктері, Мәскеудегі Сер­ван­тес инс­титуты ұйымдастырған шараға қазіргі заманғы испандық жә­не боливиялық киноөнердің түрлі жанрдағы үздік фильмдері таң­дап алынды. 

Кинокөрсетілім репертуарына көркем кино саласындағы белді марапаттар мен жүлделерге ие болған өнер туындылары енген. Олардың қатарында «Әжімдер», «Трумэн» «Жамандық жайламаған жер», «Арктика», «Көзді жұмып өмір сүр­ген оңай», «Оба», «Стокгольм», «Кө­терілісшілер» сынды картиналар бар. Фильмдердің көбісі – жыл сай­ынғы «Гойя» ұлттық жүлде­сі­нің жеңімпаздары мен номинанттары. 

«Көрме қонақтары Испания мен Латын Америкасындағы за­ман­дастарының өмірімен етене та­ныс­сын деген ниетпен арнайы осы фильмдерді әкелдік. Фильмдер топ­тамасында сан алуан жанрдағы ки­ноны тамашалауға болады. Оның ішінде комедия, драма, фан­тас­­тика, шытырман оқиға сынды жанрлар бар. Біздің өміріміздің өр­негі осылардан тоқылған десек те болады», деді Испания павильонының директоры Кармен Буэно.
Кинокөрсетілімге негізінен 2011-2015 жылдар аралығында шық­қан фильмдер кірген. «Испа­ния жә­не Латын Америкасы елдерінің кине­матографы қарқын­ды дамып келеді. Соңғы жылдары назар аударуға тұрарлық бірталай жұ­мыс­тар шығарылды. Осы көр­сетілімге арнап фильмдерді ірік­теу кезінде біз әріптестерімізбен жә­не серіктестерімізбен бірге ұзақ уақыт бойы мұқият жұмыс жүр­гіз­дік. Біз­дің кино жұр­т­шылықтың көңі­­лі­нен шығып, осының арқа­сында көр­ме қонақтарының және жалпы қазақстандықтардың испан тіл­ді елдердің мәдениетіне деген қызығушылығы артса екен деп үміт­тенеміз», деді Боливия пави­ль­онының комиссары Рафаэль Гонсалес Алеман.

Асхат Райқұл,

"Егемен Қазақстан"

 

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Іргелі ізденістер ошағы

Аймақтар • Бүгін, 09:36

Бірегей гибридті операциялық зал

Технология • Бүгін, 09:21

Оқу мен оқымаудың арасы

Әдебиет • Бүгін, 09:16

Жамбыл ескерткіші жаңғырды

Аймақтар • Бүгін, 09:15

Өзбек еліндегі өнер мәуесі

Руханият • Бүгін, 09:13

Ерен тоғайын сақтау парызымыз

Қазақстан • Бүгін, 09:11

Түйткілі таусылмаған туризм

Қазақстан • Бүгін, 09:03

Арам ойы іске аспады

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Дениссіз өткен бір жыл

Спорт • Бүгін, 08:59

Қоқыс өңдейтін мекемеде болды

Аймақтар • Бүгін, 08:51

Даудың басы – Dragonfly

Әлем • Бүгін, 08:41

Атырау – Арыспен бірге

Аймақтар • Бүгін, 08:34

Сенім – мемлекеттің тірегі

Руханият • Бүгін, 08:31

Күтім болмаса, топырақ та тозады

Қазақстан • Бүгін, 08:25

Ерді сыйлар ел қайда?

Қоғам • Бүгін, 08:19

Тойтөбеге  саяхат 

Аймақтар • 20 Шілде, 2019

Ай соңына дейін жұмысын аяқтайды

Аймақтар • 19 Шілде, 2019

Ұқсас жаңалықтар