Хоккей • 05 Қыркүйек, 2017

Қазақ хоккейінің болашағы

152 реткөрсетілді

Футболда, хоккейде, жалпы, командалық спорт түрлерінде қазақтың баласы неге аз деп қара аспанды төндіретініміз бар. Әлбетте, індете берсең мұның себептерін іздеп таба алмайсың. Басқа ұлттың бапкері баламды кеудеден итерді деп, атты алысқа айдауға да болушы еді. Бірақ, көп жағ­дай­да мәселе шешімінің кілті мына өзіміздің қолымызда еке­нін мойындай бермейміз. Бұған біздің көзіміз Нұрболат Туыс­байұлы есімді азаматпен танысып, аз-кем әңгімелескен кезде әбден жетті.   

Астанада тұратын Нұрбо­лат­тың төрт баласы бар. Үшінші ба­ласы Нұрәділді мектеп жасына жетер-жетпесінде фортепиано үйірмесіне алып барған. Өзі бала кезінен музыкаға әуес бо­лып, дегеніне жете алмаған соң ба­лам мен шықпаған биікті ба­ғын­дырар ма екен деген әкенің үмі­ті-дағы. Бірақ, музыка әлемі Нұр­әділді өзінің сиқырымен арбай алмады, баланың да құл­шы­нып тұрғаны шамалы еді... 

«Сол уақыттарда, – деп сыр ақ­тарады Нұрболат, – Ресейде тү­сірілген «Молодежка» деген хоккей туралы сериалдың тұ­рақты көрермені едім. Жастар хоккей лигасында ойнайтын боз­балалардың хоккейдегі қи­лы тағдырын отбасылық драма­мен, махаббатпен, тәр­бие­мен әдемі шендестіріп түсі­ріл­ген сериалдан басымды ала алмай қалдым. Команда ішін­дегі татулық пен араздық, дос­тық пен сатқындық, бапкер тәр­биесі, тәртіп, бәрі шебер қам­тылған. Қазір сананы тұр­мыс билеген заман. Спорт­та да ақшаның айтқаны жү­ре­ді. Өзге клубтар таңдаулы ойын­­­шы­ларға сырттан келіп қо­мақ­ты ақша ұсынып жатады. Сон­дайда өзің тәрбие алған ко­манданың намысын қорғап, шешімді болу да ерлікті, белгілі бір дәрежеде тұрақтылықты та­лап етеді екен. Осындай сын­­дардан өткен спортшы жі­гіт­­терге кәдімгідей бауыр бас­тым. Солар арқылы өзімде бө­лек көзқарас қалыптасты да, Нұрәділімді хоккейге берем деп шештім. Мұндай тәр­биені көріп, спорттағы небір шыр­ға­лаң­нан шыңдалып өскен бала жа­ман болмауы тиіс деп ой түй­дім».

Ол кезде Нұрәділі алты жас­­та-тұғын. Әкесі бұрын бас сұ­ғ­ып көрмеген хоккей дүкен­де­рін түгел аралады. Бес-алты жастағы баланың бір жабдық ки­ім-кешегі 200-250 мың теңге тұ­­рады екен. Бала өскен сайын оның да бағасы қымбаттай тү­се­тін көрінеді.

Әуелде басына неше алуан күмәнді ойлардың кіргені рас еді. Қып-қызыл ақшаға мұз­дай етіп киіндіріп, мұзға жібер­ген бала бір аптадан кейін «хок­кейі құрысын!», деп тастай қаш­са қайтеді?

Дегенмен, баласы сенімін ақтады. Хоккейдің қызығына терең бойлап, жатпай-тұрмай спорт­т­ың осы түрі туралы ой­лай­­тын болды. Қолына смарт­фон тисе болды, ютубтан хок­кей­ді ғана қарайтынды шы­ғар­­ды. Таңғы сағат алтыда ки­ініп алып, мұз үстінде тұра­ды. Қысы-жазы осылай...

Нұрәділмен құралыптас 60 баланы алты жасынан баптап жүрген «Астана-2009» хоккей клубының жаттықтырушысы Әділ Әлменов қазір сайдың та­сындай іріктелген 30 қара­до­малақты Ресейде өтіп тұра­тын жарыстарға жиі апарып жүр. Челябі, Екатеринбург, Башқұртстанға дейін барып, олжалы қайтқан кездері аз емес. Өзге елде бас жүлдені же­ңіп алу қиын болса да, бұл күн­де балалардың күміс пен қола­дан таққан жүлделері әжеп­тәу­ір жиналып қалған. Кү­­ні кеше ғана қазақтың хок­кей­­ші балақайлары Челябі об­лысының Первомайский ауда­нында өткен маусымалды тур­нирден келді. Әлменовтің шә­кірттері жүлделі үшінші орынды жеңіп алып, тәп-тәуір өнер көрсетіп қайтты. Сол доданың шешуші ойынында  Нұрәділ Нұрболатұлы «Матчтың үздік ойыншысы» атанып, арнайы кәдесыймен марапатталды. Ең­бегінің жемісін көре бас­та­ған әкенің қуанышын тілмен айтып-жеткізу тіпті мүмкін емес. Болашағынан үміт күткен баласының жеке ойыншы ре­тін­де алған тұңғыш сыйлығы әке­ні қанаттандырып жібергені рас еді.

Әкесі Нұрәділдің ойынына қашанда сын көзбен қа­райды, қоятын талабы да қа­­таң­дау. Жасыратыны жоқ, ко­­ман­дада баласынан асып тү­се­тін дарынды хокейшілер бар. Сол себепті, Нұрболат қандай да бір биікке тек еңбекпен ға­на же­туге болатынын бала­сы­н­ың құ­лағына құюдан әсте жа­лық­қ­ан емес.

Иә, хоккей дегеніңіз қым­бат тұратын спорт түрі. Ки­імі­нің қанша тұратынын жо­ғарыда айттық. Бұдан бөлек, жа­рыс­қа баратын баланың жол шығынын ата-ананың өзі кө­тереді. Шотқа қағып санар бол­сақ, балғын  хоккейшінің бір жарысқа деген сапарының өзі 100-150 мың теңгенің аралығын қамтиды екен. «Рас, хоккей деген қымбат спорт, – дейді Нұрболат Туысбайұлы. – Бірақ, қазақ та хоккей ойнай алады деген намыс одан да қымбат!».

Бір бағытының өзі мың ша­қырым, кейбірі екі мыңға таяу ша­қырым болатын қашықтықты жү­ріп өтіп, жарысқа келетін қа­зақ командасының қажыр-қай­ратына ресейлік ата-аналар кә­дімгідей таңданатын көрінеді. Ал команданың бапкері болса, балаларға тәжірибе керектігін алға тартып, жарыстарға жиі шығып тұрудың пайдасын айтудан жалыққан емес. Оның айтқанына қарсы келіп жатқан ата-ана жоқ. Өйткені, бәрі де көз алдарында – балғын хок­кейшілер уақыт озған сайын бу­ын бекітіп, көк мұз үстіндегі до­даның көкбөрілеріне айна­лып келеді. Бұл жерде көңілді се­­міртетін тағы бір дүние бар. Ол – хоккейге қазақ бала­ла­рының көптеп келе бас­та­ған­дығы.

Егер, Әділ Әлменовтей ең­бек­қор бапкер бастап, Нұр­болат Туысбайұлы сияқты намысшыл ата-аналар қоштай білсе, қазақ хоккейіндегі қалың шоғырдың қау­лай өсіп шығатыны, олар­дың бағындырары да биік шың­дар болатыны айдан анық. Хә­кім Абайдың өзі «Қыран бүркіт не алмайды, салса баптап?», деді емес пе?!

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Crown Батыс» «Тұлпарға» айналады

Аймақтар • Бүгін, 16:28

Негізгі бағыттар айқындалды

Аймақтар • Бүгін, 15:00

Алматыда қойма өртеніп жатыр

Аймақтар • Бүгін, 09:28

20 жыл аңсаған алтын...

Спорт • Бүгін, 09:25

Сырттанов туралы сыр

Руханият • Бүгін, 09:23

«Алтын аймақ» – Ақмешітте

Руханият • Бүгін, 09:20

«Шаңырақтың» шапағаты

Руханият • Бүгін, 09:13

20 мыңға жуық адамның азабы – жол

Экономика • Бүгін, 09:11

Жұртым деп келген жеткіншектер

Руханият • Бүгін, 09:08

Тағылымы мол кездесу

Аймақтар • Бүгін, 09:03

Бақтың барар жері – ынтымақ

Аймақтар • Бүгін, 08:46

Тырнақалды туындының тың тынысы

Аймақтар • Бүгін, 08:42

Саф өнерге сұраныс жойылмайды

Руханият • Бүгін, 08:40

Әлеуметтік желілер: сөз бен көз

Руханият • Бүгін, 08:39

Аграрлық банк құрылса...

Экономика • Бүгін, 08:30

Жол құрылысына серпін берді

Саясат • Бүгін, 08:27

Ұқсас жаңалықтар