ЭКСПО-2017 • 06 Қыркүйек, 2017

Ғажайыптар әлеміне саяхат

324 реткөрсетілді

Осыған дейін 63 мәрте өткізілген жаһандық көрме бір-біріне ұқсамайтын идеялық және экспонат бірегейлігімен есте қалды. Ауқымы жағынан алдына тек Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатын ғана салатын ЭКСПО көрмесі бүкіл посткеңестік аймақта тұңғыш рет Қазақстанда өткізіліп отыр. Бұл елге деген сенім квотасы мен Елбасының әлем алдындағы беделін тағы бір айқындаған мерейлі қадам екені даусыз.  

Астанада өткізіліп отырған ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы болып «Болашақтың энергиясы»таңдалып алынуы кездейсоқтық емес. 100-ден астам ел мен 22 халықаралық ұйым өз павильондарын ашқан алып көрме ғаламдық тә­жірибе алмасу алаңына айналып отыр.

Елбасының игі бастамасымен әлем­дік деңгейде өтіп жатқан көрмені Қазақ­стан­­ның түкпір-түкпірінен мектеп оқу­­шы­ларынан бастап еңкейген кәріге дей­­ін көзбен көріп тамашалауына зор мүм­кіндіктер туғызылды.

Осы бастаманың игілігін көру мен қыз­мет ететін қаладағы Дина Нұр­пейісова атындағы халықтық м­у­зы­ка академиясы Атырау музыка кол­лед­жі­нің ұстаздары мен студент­теріне және кі­ші техникалық қызметкерлеріне де бұй­ырды. Бұл жерде Астананы бір көру арманда болып жүрген маған да, кіші техникалық қызметкерлерге де осы мүмкіндікті жасап отырған колледж ди­ректоры Гүлнара Садуахасоваға алғ­ысымыз шексіз. Қара­пайым еңбек 
ад­амын аса жоғары ба­ғалап, үне­мі құр­метпен қарайтын Гүл­нара Манап­қы­зы осы жолы да өзінің көрегенді де бі­л­ік­ті басшы екендігін тағы бір мәрте дә­лелдеді.

Шынында да 115 мемлекет пен 22 ха­лықаралық ұйым қатысуға зор ын­та білдірген, баламалы энергия мен «жа­сыл» технологияның заманауи же­тіс­тік­тері насихатталатын шараны тама­ша­­лау пешенеге жазыла бермейтін ба­қыт екенін әрқайсымыз жүрегімізбен ұғындық...

Жүрдек пойыз елордаға әп-сәтте жеткізді. Қосымша тіркелген вагондар кірсе шыққысыз. Көрмеге жетудің барлық жағдайы қарастырылған. Астана бұрынғыдан да ажарлана түскен. Қар­сылап алған волонтерлер біздерді әдейі көрме қонақтарына арнап салынған зәу­лім ғимараттар орналасқан ЭКСПО қала­шығындағы үйлерге орналастырды. 

Алғашқы күні Астананың әсем жер­ле­ріне экскурсия жасадық, Астананы екі­ге жарып ағып жатқан ерке Есілдің жа­ғалауында серуендедік. Келесі күні па­вильондарды аралап, таңғажайып әлем жетістіктерін тамашаладық. Са­пар­­ларымыздың соңғы күні Қазақ­ста­н­ның Ұлттық музейінде, 5000-нан 10000 адамға дейін сыйымдылығы бар ор­талық Әзірет Сұлтан мешітінде болып, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Бәйтерек», «Хан Шатыр» сияқты сұлу да сәулетті кешендерді араладық. 

Мені шетелден келген азаматтардың, ту­ристердің, қазақстандық жастардың көп­тігі таңқалдырды. Ғажайып әлемді бір рет тамашалау арқылы ғана жа­ңа­шыл инновациялық мүмкін­дік­тер­дің шек­­сіз­дігіне көз жеткіздім. Жат­жұрт­­тық­­тар ға­на емес, өзіміздің шал­ғай­да жүр­­ген та­лай «қара домалақ» қа­зақ ба­ла­ла­ры да арманда жүрген Астанаға атба­сын ті­реп, көркем қаланы көз­де­рімен көріп мәз-мәйрам. 

Бүгінде ЭКСПО-ға қатысты жоспарлы жұмыстардың бәрі нақты жүзеге асырылды. Ол біздің әлем елдері алдындағы абырой-беделіміз ғана емес, Қазақ елі үшін қыруар жұ­мыс орны, табыстың көзі болып, эко­но­ми­камыздың дамуына үлес қосты. Ен­де­ше, мұны елдіктің ерен жеңісі, асқақ беделі деуге толық негіз бар.

Өткен ғасырда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!..» деп жырлаған Қа­сым ақынның өлеңінің шындыққа ай­на­л­ғанына куә боп тұрып, иә, осындай же­тістікке жеткен, осындай кемең­гер Ел­басы бар, осынау ұлан-байтақ Қа­зақ елінде тұрып жатқан біз неткен ба­­қытты едік деген ерекше мақтаныш се­зімі еріксіз көкіректен өлең шумақтары бо­лып құйылды:

Астанада ел мен елдің сәлемі!..
ЭКСПО-да ғажайыптар әлемі...
Елге сенім-квотасы әлемнің!..
Ел мен елдің тілін тапқан...
Күллі әлемді мойындатқан...
Қазақ елі − Мәңгілік ел!
Екенінің бұлтартпайтын дәлелі!

Осы міне, Атырауға аттанатын сәтке де келіп жет­тік. Астанада өткізген үш кү­німіз ға­сырға татитындай тамаша әсер­мен, елордамен қимай-қимай қош­та­стық...

Астанада өткізіліп отырған ЭКСПО-2017 көрмесінің тақырыбы болып «Болашақтың энергиясы»таңдалып алынуы кездейсоқтық емес. 100-ден астам ел мен 22 халықаралық ұйым өз павильондарын ашқан алып көрме ғаламдық тә­жірибе алмасу алаңына айналып отыр.
Елбасының игі бастамасымен әлем­дік деңгейде өтіп жатқан көрмені Қазақ­стан­­ның түкпір-түкпірінен мектеп оқу­­шы­ларынан бастап еңкейген кәріге дей­­ін көзбен көріп тамашалауына зор мүм­кіндіктер туғызылды.
Осы бастаманың игілігін көру мен қыз­мет ететін қаладағы Дина Нұр­пейісова атындағы халықтық м­у­зы­ка академиясы Атырау музыка кол­лед­жі­нің ұстаздары мен студент­теріне және кі­ші техникалық қызметкерлеріне де бұй­ырды. Бұл жерде Астананы бір көру арманда болып жүрген маған да, кіші техникалық қызметкерлерге де осы мүмкіндікті жасап отырған колледж ди­ректоры Гүлнара Садуахасоваға ал-
ғ­ысымыз шексіз. Қара­пайым еңбек 
ад­амын аса жоғары ба­ғалап, үне­мі құр­метпен қарайтын Гүл­нара Манап­қы­зы осы жолы да өзінің көрегенді де бі­л­ік­ті басшы екендігін тағы бір мәрте дә­лелдеді.
Шынында да 115 мемлекет пен 22 ха­лықаралық ұйым қатысуға зор ын­та білдірген, баламалы энергия мен «жа­сыл» технологияның заманауи же­тіс­тік­тері насихатталатын шараны тама­ша­­лау пешенеге жазыла бермейтін ба­қыт екенін әрқайсымыз жүрегімізбен ұғындық...
Жүрдек пойыз елордаға әп-сәтте жеткізді. Қосымша тіркелген вагондар кірсе шыққысыз. Көрмеге жетудің барлық жағдайы қарастырылған. Астана бұрынғыдан да ажарлана түскен. Қар­сылап алған волонтерлер біздерді әдейі көрме қонақтарына арнап салынған зәу­лім ғимараттар орналасқан ЭКСПО қала­шығындағы үйлерге орналастырды. 
Алғашқы күні Астананың әсем жер­ле­ріне экскурсия жасадық, Астананы екі­ге жарып ағып жатқан ерке Есілдің жа­ғалауында серуендедік. Келесі күні па­вильондарды аралап, таңғажайып әлем жетістіктерін тамашаладық. Са­пар­­ларымыздың соңғы күні Қазақ­ста­н­ның Ұлттық музейінде, 5000-нан 10000 адамға дейін сыйымдылығы бар ор­талық Әзірет Сұлтан мешітінде болып, Бейбітшілік және келісім сарайы, «Бәйтерек», «Хан Шатыр» сияқты сұлу да сәулетті кешендерді араладық. 
Мені шетелден келген азаматтардың, ту­ристердің, қазақстандық жастардың көп­тігі таңқалдырды. Ғажайып әлемді бір рет тамашалау арқылы ғана жа­ңа­шыл инновациялық мүмкін­дік­тер­дің шек­­сіз­дігіне көз жеткіздім. Жат­жұрт­­тық­­тар ға­на емес, өзіміздің шал­ғай­да жүр­­ген та­лай «қара домалақ» қа­зақ ба­ла­ла­ры да арманда жүрген Астанаға атба­сын ті­реп, көркем қаланы көз­де­рімен көріп мәз-мәйрам. 
Бүгінде ЭКСПО-ға қатысты жоспарлы жұмыстардың бәрі нақты жүзеге асырылды. Ол біздің әлем елдері алдындағы абырой-беделіміз ғана емес, Қазақ елі үшін қыруар жұ­мыс орны, табыстың көзі болып, эко­но­ми­камыздың дамуына үлес қосты. Ен­де­ше, мұны елдіктің ерен жеңісі, асқақ беделі деуге толық негіз бар.
Өткен ғасырда «Сен неткен бақытты едің, келер ұрпақ!..» деп жырлаған Қа­сым ақынның өлеңінің шындыққа ай­на­л­ғанына куә боп тұрып, иә, осындай же­тістікке жеткен, осындай кемең­гер Ел­басы бар, осынау ұлан-байтақ Қа­зақ елінде тұрып жатқан біз неткен ба­­қытты едік деген ерекше мақтаныш се­зімі еріксіз көкіректен өлең шумақтары бо­лып құйылды:
Астанада ел мен елдің сәлемі!..
ЭКСПО-да ғажайыптар әлемі...
Елге сенім-квотасы әлемнің!..
Ел мен елдің тілін тапқан...
Күллі әлемді мойындатқан...
Қазақ елі − Мәңгілік ел!
Екенінің бұлтартпайтын дәлелі!
Осы міне, Атырауға аттанатын сәтке де келіп жет­тік. Астанада өткізген үш кү­німіз ға­сырға татитындай тамаша әсер­мен, елордамен қимай-қимай қош­та­стық...

Мағрипа САБЕНОВА,
Д.Нұрпейісова атындағы халықтық музыка академиясы Атырау музыка колледжінің кітапхана меңгерушісі

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Қарсыласы қарымды

Кәсіпқой бокс • Кеше

Тандыр наннан шеге шықты

Аймақтар • Кеше

«Jastar kerýeni» жолға шығады

Аймақтар • Кеше

Майдан тудырған сөз

Руханият • Кеше

Ұқсас жаңалықтар