19 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің бұйрығы №398

167 рет көрсетілді
2011 жылғы 20 қыркүйек,     Астана қаласы «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы Бұйырамын: 1. «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2010 жылғы 17 қарашадағы № 527 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6653 тіркелді, Жариялануы: «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 11 қаңтар № 6-7 (26409)) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: Осы бұйрықпен бекітілген Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды әзірлеу, сараптама жасау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру ережесінде: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «16. Сараптаманы «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі – «Оқулық» орталығы) жүргізеді.»; 20-тармақ алынып тасталсын; 21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «21. «Оқулық» орталығы бір оқулықтың, оқу-әдістемелік кешен мен құралдың сараптамасын осы Ереженің 18-тармағында көрсетілген материалдардың сараптамаға түскен күнінен бастап күнтізбелік алпыс күннен аспайтын мерзімде өткізеді.»; 25-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «25. Оқулық» орталығы теріс сараптамалық нәтиже ұсынған жағдайда уәкілетті орган оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдардың әзірлеушісін күнтізбелік он бес күннің ішінде хабардар етеді. Қайта сараптама күнтізбелік отыз күннің ішінде өткізіледі. Қайтадан теріс сараптамалық нәтиже алған оқулық, оқу-әдістемелік кешен мен құрал ағымдағы жылы сараптамаға қабылданбайды.»; 47-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: «Тізбе келесі 4 оқу жылы бойы қолданыста болады.». 2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (Б.С. Кәрімжанов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Н. Сарыбековке жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі. Министр      Б. ЖҰМАҒҰЛОВ Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 6 қазандағы Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7242 болып енгізілді.
Соңғы жаңалықтар

Сегізсай жауһарлары

Тарих • Бүгін, 09:58

Көз тартар көркем әлем

Өнер • Бүгін, 09:57

Жеке деректер желіге тарап кетті

Технология • Бүгін, 09:54

Жанашырлық жасау жолдары қарастырылды

Тәуелсіздіктің 30 жылдығы • Бүгін, 09:53

Орманды ойсыратып алмайық

Экология • Бүгін, 09:51

Жасыл белдеу жайқала түседі

Экология • Бүгін, 09:48

Ерінбегеннің табысы еселенеді

Аймақтар • Бүгін, 09:38

Бауырым бауырымнан қымбат емес

Коронавирус • Бүгін, 09:36

Індеттен сақтанудың ұтымды жолы

Коронавирус • Бүгін, 09:34

Жансақтау бөлімінде орын жоқ

Коронавирус • Бүгін, 09:28

Досын құтқарған жас өрен

Қоғам • Бүгін, 09:26

Коронавирус: 2625 адам жазылып шықты

Коронавирус • Бүгін, 09:18

Жаңғыртуларға негіз қалайды

Саясат • Бүгін, 09:16

Белсенділік жоғары болды

Саясат • Бүгін, 09:14

Бәсекелестік бәсі басым

Саясат • Бүгін, 09:10

Тағы 6797 адам коронавирус жұқтырды

Коронавирус • Бүгін, 09:02

Ауыл тіршілігі жанданады

Саясат • Бүгін, 08:35

Ауқымды жобаның бастауы

Саясат • Бүгін, 08:28

Алтын сатып алу азаймайды

Қазақстан • Кеше

Батыр Баян

Руханият • Кеше

Kazsat-тан неге бас тарттық?

Технология • Кеше

Адам құны

Әдебиет • Кеше

Редакторсыз кітаптар

Әдебиет • Кеше

Ұқсас жаңалықтар