19 Қазан, 2011

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің бұйрығы №346-0

286 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 29 қыркүйек,  Астана қаласы 2011 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін бұйырамын: 1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 4 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын. 2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2010 жылғы 28 маусымдағы № 235-ө бұйрығының (Нормативтік-құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 7051 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 15 шілдедегі № 299-300, «Казахстанская правда» от 09.07.2011 г., № 215-216 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын. 3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А. Манабаева) осы бұйрықты: 1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды; 2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С. А. Ахметовке жүктелсін. 5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың         1 қазаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады. Министр  Г. ӘБДІҚАЛЫҚОВА. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 29 қыркүйектегі Нормативтік-құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №7208 болып енгізілді.