Жеңіл атлетика • 07 Қыркүйек, 2017

Рыпакова Ашхабадта өтетін Азия ойындарына қатысады

113 реткөрсетілді

Жеңіл атлетикадан Қазақстан құрамасының бас бапкері Георгий Егоров отандық атлеттердің 2017 жылғы Бүкіләлемдік жазғы универсиадада сынға түсулеріне қатысты өз пікірін білдіріп, Ашхабадта өтетін Азия ойындарына қатысты жоспарларымен бөлісті. Бұл туралы жеңіл атлетика федерациясы хабарлады.

– Григорий Александрович, студенттер арасында өткен ойындардан біздің құрама биіктікке секіруден Сергей Григорьев еншілеген бір күміс медальмен оралды. Тайбэй стадионындағы спортшылардың бәсекелестігі қалай өрбіді? 

– Ия, Универсиада жарысында бізге бір медаль ғана бұйырды және бірқатар спортшыларымыз үздік ондықтарға ілінді. Финалға шыққан спортшыларымыз аз болмады, алайда марапат мінберіне көтерілу бақыты тек Сергей Григорьевке бұйырды. Ол Тайбэйде жақсы нәтиже көрсетті, жеңіске жетуге де мүмкіндігі бар еді. Өзге спортшыларымыз туралы айтатын болсақ, барлығы соңына дейін бар күшін салып, жүлде үшін таласты. Бұл спорт, ұдайы жеңіске жете беру мүмкін емес. Әйелдер арасындағы 100 метрге 4 қайтара жүгіру эстафетасы көңілге қаяу түсірді. Қыздарымыз жақсы нәтиже көрсетті, өздерінің мықты екендерін дәлелдеді. Алайда, бір спортшымыздың көрші жолақты басып кеткені үшін бүкіл құрама жарыстан шеттетілді. Екінші болып келген Швейцария құрамасы арыз жазды, біз қарсы тұруға барымызды салдық, ереженің аты ереже. Қалай болғанда да, бұл жарыс біз үшін үлкен тәжірибе болды.

– Жарыста жеңіске жеткен спортшылардың нәтижелеріне қарасақ, Универсиададағы бәсекелестік жоғары болған секілді...

– Тайбэйге Лондондағы әлем чемпионатына қатысқан спортшылар барды, жарыстың кей түрлерінде өте жақсы нәтижелер көрсетілді. Мысалы, найза лақтыру бойынша алтын медаль алған Чао-Цун Ченнің көрсеткіші әлемдік біріншіліктің жеңімпазы, неміс Йоханесс Феттердің нәтижесінен де асып кетті. Универсиададағы жеңіл атлетика бойынша өткен турнир құрамы бойынша ең мықты болды, жарыс жоғары деңгейде өтті.

– Біздің атлеттердің көрсеткіштеріне ыстық ауа-райы әсер етуі мүмкін бе?

– Олай деуге бола қоймас. Барлығына ортақ жағдай жасалды ғой, оған қоса кейде жарыс кезінде жаңбыр жауып, кейбір старттар шегеріліп те жатты. Бірақ, Универсиадаға дайындық кезінде Қазақстанда аптап ыстық болды, әлем чемпионатында өнер көрсетпеген құраманың жартысы  толыққанды жаттығу жұмыстарын өткізе алмады. Мысалы, ядро лақтырушы Иван Иванов кейбір жаттығулар кезінде 40 градус ыстық болғанын, соның салдарынан дұрыс бабына келе алмағанын айтты. Өкінішке орай, спортшыларымыз үшін ортақ дайындық өткізуге мүмкіндік болмады. Бұл да көрсеткіштерге өз әсерін тигізді.

– Тайбэйден орала сала біздің құрама келесі ірі жарысқа дайындық жұмыстарын бастап кетті. 17 қыркүйекте ашылатын Ашхабадтағы Азия ойындарынан не күтесіздер?

– Түркіменстан астанасында Қазақстан 15 атлетпен сынға түспек, олардың сапында барлық мықты спортшыларымыз бар. Универсиададан кейін атлеттеріміз жақсы өнер көрсетуге талпынып жүр деп білемін. Азияда өздерінің үздік екендіктерін дәлелдейді деп сенемін. Қазір қарқынды түрде жаттығу жұмыстары жүріп жатыр. Алдын-ала болжам жасағым келмейді, алайда, соңына дейін күресеміз. В. Зябкина, О. Сафроновамен бірге М. Ишангулиева, Э. Михина қатысатын 400 метрге 4 қайтара жүгіру бойынша әйелдер эстафетасы қызық болады деп ойлаймын. Ишангулиева 800 метр қашықтықта да өз бағын сынайды.

– Біздің алдыңғы қатарлы жеңіл атлетіміз Ольга Рыпакова жақында ғана «Гауһар лигада» үздік өнер көрсетіп, енді Ашхабадта үш қарғып және ұзындыққа секіруден бақ сынамақшы, солай ма?

– Азия ойындарының ұйымдастырушыларына өтініш жолдай отырып біз оны екі дисциплина бойынша қатысады деп жазды. Алайда, бәрі сол жерде белгілі болады. Оның өзін қалай сезінуіне байланысты, соңғы сөз Ольганың өзінде.

– Құрама Ашхабадқа қашан аттанады?

– Қыркүйектің 15 күні, ал жарыс үш күн бойы өтеді – 18-20 аралығында. Ашхабадтағы Азия ойындары үшін арнайы жабық арена салынды. Ол бізге сәттілік әкеледі деп ойлаймын.

Баннер
Соңғы жаңалықтар

Алматыда жиһаз қоймасы өртенді

Аймақтар • Бүгін, 15:46

Балуандарымыз бабында екен

Спорт • Бүгін, 09:39

Қазақ даласында 10 жыл ат үстінде

Аймақтар • Бүгін, 09:35

Ән мен дәм

Қоғам • Бүгін, 09:22

Әкенің беделі

Аймақтар • Бүгін, 08:59

Қазақтың алтын қазынасы

Руханият • Бүгін, 08:50

Әлеуметтік саясатқа ден қойды

Қазақстан • Бүгін, 08:35

Мәжілісте күн тәртібі нақтыланды

Парламент • Бүгін, 08:14

Ұқсас жаңалықтар