Пәкістан лидерін ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов және Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев қарсы алды.
Бұрын хабарланғанындай, 10-11 қыркүйек күндері Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен тарихта алғаш рет Ислам Ынтымақтастығы Ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі Саммиті өтеді. Саммитке ИЫҰ-ға мүше мемлекеттердің, бақылаушы елдердің, сондай-ақ халықаралық және аймақтық ұйымдардың 80-ге жуық делегациясы қатысады.
Бұдан тыс, 10 қыркүйек күні Астанада ЭКСПО-2017 хадықаралық мамандандырылған көрмесінің салтанатты жабылу рәсімі өтеді.