19 Қазан, 2011

Ықпалдастық тұрғысындағы тың қадамдар

290 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Фе­де­рациясының Санкт-Петербург қаласына жұмыс сапарымен барды. Сапар барысында Премьер-Министр Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы Үкімет басшылары кеңесі, Еуразия­лық эко­номикалық қоғамдастықтың Мемлекетаралық ке­ңе­сі және Кеден одағы жоғары органының отырыстарына қатысады. ТМД ҮБК отырыстарында еркін сауда аумағы туралы жаңа келісім-шартты, 2020 жылға дейінгі ТМД Эконо­ми­калық даму стратегиясының екінші кезеңін (2012-2015 жылдар) іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу мәселелері талқыланады. Үкімет басшылары Ресей, Қазақстан және Беларусь елдері арасында Біртұтас экономикалық кеңістік қалып­тас­тыратын халықаралық келісім-шарттардың күшіне енуі мәселелерін, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одақты қалыптастыру туралы декларация жобасын және Кеден одағының комиссиясы туралы келісім-шарттың жаңа редакциясын талқылайды. Қазақстанның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов Ресей Федерациясына жұмыс сапары шеңберінде Санкт-Петербург­те Беларусь Республикасының Үкімет басшысы Михаил Мясниковичпен кездесті. Әңгіме барысында тараптар ТМД және Кеден одағы аясындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін қозғады. Сондай-ақ Кәрім Мәсімов Қырғызстан Премьер-минис­трі­нің міндетін атқарушы Өмірбек Бабановпен де кездесті. Әңгіме барысында Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы аясында сауда-экономикалық ынтымақтастық саласындағы екіжақты қарым-қатынасты дамыту мәселелері талқыланды.