Қазақстан • 09 Қыркүйек, 2017

Елбасы Мексика президентіне көңіл айтты

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Мексика Құрама Штаттарының Президенті Энрике Пенья Ньетоға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлады бүгін Ақорданың баспасөз қызметі.

Елбасы Мексика президентіне көңіл айтты

Нұрсұлтан Назарбаев Мексикадағы ірі жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.

«Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге, қаза болғандардың отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ барша Мексика халқына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуіне, елді-мекендер инфрақұрылымының қайта қалпына келуіне тілектестік білдіремін», - делінген жеделхатта.

Соңғы жаңалықтар