ЭКСПО-2017 • 10 Қыркүйек, 2017

ЭКСПО-ның жабылуында көрме аумағында тек ақылы тұрақтар жұмыс істейтін болады

310 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

10 қыркүйекте "Экспо-2017" көрмесінің аумағында жабылу кезінде тек келушілер үшін тек ақылы көлік тұрақтары- Р1 (1056 м/м) және Р2 (1022 м/м) жұмыс істейтін болады. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

ЭКСПО-ның жабылуында көрме аумағында тек ақылы тұрақтар жұмыс істейтін болады

Олар Т. Рысқұлов көшесі мен Қабанбай батыр даңғылында орналасқан. Сондай-ақ «МEGA Silk Way» (1700 м/м) ОСО аумағында ақылы тұрақтар болады. 

Отшашу өткізілуіне байланысты көліктерге зақым келтірмес үшін Р3, Р4 және Р5 тұрақтары жабық болады. 

Тұрақ бағасы: 1 сағатқа -  200 теңге,  әр келесі сағат -  100 теңге. 

Т. Рысқұлов және Мәңгілік ел көшелерінің қиылысында 2000 көлікке арналған тегін көлік тұрағы жұмыс істейді. 

10 қыркүйек күні ашық болатын тұрақтар тіркелген.