10 Қыркүйек, 2017

Н.Назарбаев мұсылмандар арасында Нобель сыйлығы иегерінің санын арттыруды ұсынды

364 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ислам 21 ғасырда әлемдегі ең көп тараған дінге айналады. Бұл туралы бүгін  елорда төрінде  басталған Ислам ынтымақтастық ұйымының ғылым және технологиялар жөніндегі бірінші саммитінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Н.Назарбаев мұсылмандар арасында Нобель сыйлығы иегерінің санын арттыруды ұсынды

«Ислам бүгінде қарқынды дамып келе жатқан дін. 21 ғасырда ол әлемдегі ең көп тараған дінге айналады. Пайғамбар хадисінде «бесіктен қабірге дейін білім іздеңдер» деп айтылған. Біздің басты міндетіміз - ислам өркениетіне қызмет ететін, жаңа идеяларды жүзеге асыратын интелектуалды жаңа элитаны тәрбиелеу», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Қазақстан Президенті алайда мұсылман  мемлекеттері ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге орташа алғанда жалпы ішкі өнімнің жарты процентін ғана бөлетіндігін, ол  2,3 процентті құрайтын  әлемдік көрсеткіштен әлдеқайда төмен екендігін атап өтті.

«Қоғамдастық мемлекеттерінде 1 млн тұрғынға шаққанда  зерттеушілердің саны 615 адам болады. Ол әлемдік орташа көрсеткіштен  2,5 есе аз. Ислам әлемінде ғылым бойынша Нобель сыйлығының тек қана 2  лауреаты бар.  Олар: Пәкістан физигі Мохаммед Абдус Салам - 1979 жылы, Мысыр химигі Ахмед Хасан Зевейл - 1999 жылы. Осы  жағдайды күрт өзгертуіміз керек», - деді Елбасы.