21 Қазан, 2011

ЮСКО: Логистикалық жаңа орталық сапалы әрі тиімді қызмет көрсетпек

425 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Қандай салада болсын кәсіби шеберлік пен іскерлік және жи­нақталған мол тәжірибе ауқымды табыстарға сөзсіз қол жеткізетіндігі көпшілікке белгілі. Осы орайда «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясының бұл ба­­ғыттағы сәтті қадамдары туралы ерекше атап айту қажет. Ең алдымен, «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компаниясы Қазақстан Республикасы аумағындағы ло­гис­­­­тикалық қызмет көрсететін тәжірибелі оператор болып есептелетіндігі көп нәрседен хабар берсе керек. Жақында «ЮСКО Логистикс Интернешнл» көпшілікке өте тиімді жобаның тұсаукесерін өткіз­ді. Анығырақ айтқанда, өткен ап­таның жұма күні Алматы облы­сының Талғар ауданындағы «Жа­ңа­лық» ауылында жаңа логис­тикалық орталықтың ашылуы сал­танатты түрде өтті. Жаңа кешен құрылысының ашылу сал­танатында сөз алған «ЮСКО Логистикс Интернешнл» компания­сы басқармасының төрағасы, доктор Чан Йан Бэнг «бүгінгі күннің жоғары талабына сай, сапалы жаб­дықтармен жабдықталған ло­гистикалық кешеннің ел эконо­микасын одан әрі арттыруға ық­пал ететіндігін» атап айтты. Қа­зақстан нарығындағы алғашқы логистикалық оператор «ЮСКО-ның» бұл жобасы Оңтүстік Корея­дағы «ММАА» атты ірі халық­аралық инвестор, Әскери өзара көмек ассоциациясымен бірлесіп жүзеге асырылып отыр. Логистика және қойма сала­сының басшыларының пікірінше, халықаралық инвестордың бұл жобаға мүдделілік танытуының ең басты себебі, Қазақстанда ло­гистикалық индустрияның да­муы­ның келешегіне тікелей қа­тысты. Сонымен қатар, респуб­ли­каның географиялық жағынан орналасу қолайлылығы, көліктік-транзиттік мол қуаты, мемле­кет­тің Кеден одағына енуі мен бо­лашақта Бүкіләлемдік сауда ұйы­мына мүшелікке өтуіне де тығыз байланысты. Алматы облысында өз тұтынушыларына есігін айқара ашқан жаңа логистикалық кешен­нің ең басты ерекшелігі – орталық өз тұтынушыларына логистика­лық және қойма қызметтерінің барлық түрлерін, атап айтқанда, «ЮСКО Интернешнл» қоймаға жеткізілген тауарды қабылдаудан бастап, уақытша қоймада сақтау оны кедендік рәсімдеу, есепке алу және түгендеу сияқты басқа да логис­тикалық операцияларды ұқ­ып­ты әрі тиянақты түрде атқарады. Компанияның негізгі тұты­ну­шылары болып есептелінетін «Nes­tle», «Kimberly-Clark» пен «Proc­ter&Gamble» және де басқа халық­аралық компаниялармен бір­неше жыл жұмыс істей отыра «ЮСКО Интернешл» өз қызме­тінде қойма­ларда тауарды сақтау­дың халық­ара­лық стандарттарын енгізіп қана қойған жоқ. Сонымен қатар, бұл компания, халықаралық аудит нәти­желері бойынша жоға­ры деңгейге қол жеткізіп, мемлекеттік орган­дар­дың кепілдік сый­лығын да иеленді. Қайнар ауылдық округіне қа­райтын «Жаңалық» ауылындағы жаңа логистикалық кешен жиыр­ма гектар алаңға орналасқан. Ал, жүк­терді қабылдайтын қойма­лар­дың жалпы көлемі 32000 шаршы метрді құрайды. Қоймадағы орын­дар ар­на­йы температурада жылы­ты­­латын үш түрлі блок­тан тұра­ды. Оған жүк­терді ар­найы сақ­тайтын негізгі аумақ­тан басқа тауар­ларды уа­қыт­ша сақ­тайтын қойма (3200 шар­шы метр) мен ашық алаң (7920 шар­шы метр) және кедендік қой­ма да (1000 шаршы метр) енеді. Әрине, мұның барлығы орталық­тың өз тұтынушыларына көрсе­те­тін қыз­мет­терінің сапалы әрі тиімді бола­тындығының айқын ай­ғағы екендігі айтпаса да түсінікті. Логистикалық орталықтың тұ­саукесерінде сөз алған Оңтүс­тік­кореялық инвестор «ММАА» өкі­лі Мун Джом Су, кешеннің құ­рылыс жұмыстарын жүргізген бас мердігер «Samsung Enineering» компа­ниясының басқарушы ди­рек­торы Ли Хан Соп, Алматы облысы әкі­мінің орынбасары Сәкен Жылқай­даров және «ЮСКО Логистик Интернешнл»-дің президенті Наз­гүл Оспанова жаңа жобаның мемлекетімізде көліктік-логистикалық кластерінің одан әрі дамуына жол ашатындығын тілге тиек етті. Тағы бір айта кететін жәйт, компа­ния­ның жақсы жабдықталған қойма ғимараттары Алматы қаласында ғана емес, Астана мен Атырау қа­лаларында да бар. Жалпы аумағы 60 мың шар­шы метрге жететін бұл кешендер тұтынушылардың жоға­ры тала­бы­нан шығуда. Олардың ара­­сында отандық компаниялармен қатар, халықаралық компаниялар да бар. 250-дей жұмыс ор­ны­мен қамтамасыз ететін бұл жо­ба­ның болашақта Талғар ауданының әлеу­меттік саласына да қосар үлесі зор десек болады. Бақыт БАЛҒАРИНА, Алматы.