Футбол • 12 Қыркүйек, 2017

Жауапты ойын алдындағы ірі жеңіс

224 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Өткен сенбі-жексенбі күндері шағын үзілістен кейін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан чемпионатының 26-тур ойындары өтті. Көш басындағы «Астана» мен «Қайрат» бұл турда өздерінің кезекті жеңістеріне қол жеткізді. Елорда клубы «Атырауды» 7:0 есебімен күйрете жеңсе, алматылықтар «Қайсардан» 3:1 есебімен басым түсті.

 

Жауапты ойын алдындағы ірі жеңіс

«Астана» футбол клубының алаңға шықпағанына төрт апта болыпты. Сол уақыт аралығында ала допты әбден сағынған болса керек, «Атыраумен» өткен матчта елорда клубы жеті бірдей гол соқты. Бұл жеңістің «Қайратпен» арадағы ұпай айырмашылығын сақтап қалғаны өз алдына, алдағы уақытта «Вильярреалмен» болатын Еуропа лигасының топтық кезеңіндегі жауапты ойын қарсаңындағы көңіл күйге де игі әсерін тигізері айдан анық. Еске салсақ, «Вильярреал» – «Астана» ойыны 14 қыркүйекте Испа­нияда өтеді.

Өз алаңында «Қайсарды» қабыл­­даған «Қайраттың» құрамына жарақатынан айыққан Андрей Аршавин қайта оралған болатын. Ресейлік сұрмерген 61-минутта ойыншы алмастырып шыққанына қарамастан, гол соғып көзге түсті. Бұл ойында «Қайсардың» алаң иелеріне лайықты қарсылық көрсеткенін айта кету керек. Бірақ шешуші сәттерге кел­генде қызылордалық фут­бол­шыларға сәттілік пен шебер­лік серік болмай жатты. Есесіне, алмат­ы­лықтар өздеріне берілген мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып, толығымен іске жарата білді.

Қола жүлдеден үмітті «Орда­басының» ұпайы түгел. Шымкент­тіктер бұл турда «Тараздан» 1:0 есебімен басым түсіп, өздерінің басты қарсыласы – «Тобылдан» он ұпайға ұзап кетті.

Турнир кестесінің төменгі жа­ғын­­дағы командалар да аламан мә­реге жақындаған сайын жанын са­лып ойнауда. Бұған дейін көш соңын­д­а келе жатқан «Ақтөбе» өз ала­ңы­нда «Шахтерді» 2:0 есебімен тізе бүктіріп, екі саты жоғарылады. Ал Оралда «Ақжайықтан» екі гол айырмашылығымен опық жеген «Оқжетпес» абырой әпермес ең соңғы орынға түсті.

Премьер-лиганың 26-турында мынадай нәтижелер тіркелді:

«Астана» – «Атырау» – 7:0 (3:0), Мужиков, 28 (1:0). Мужиков, 38 (2:0). Мұртазаев, 44 (3:0). Томасов, 60 (4:0). Граховац, 69 (5:0). Твумаси, 87 (6:0). Томасов, 89 (7:0). «Ақжайық» – «Оқжетпес» – 2:0 (2:0), Дудченко, 42 (1:0). Главина, 45+1 (2:0). «Ертіс» – «Тобыл» – 1:2 (0:1), Щеткин, 41 (0:1). Квеквескири, 72 – өз қақпасына (1:1). Кассай, 82 (1:2). «Қайрат» – «Қайсар» – 3:1 (2:1), Исаэл, 14 (1:0). Исламхан, 19 (2:0). Курьор, 40 (2:1). Аршавин, 90+2 (3:1). «Ақтөбе» – «Шахтер» – 2:0 (0:0), Валиуллин, 53 (1:0). Обрадович, 81 (2:0). «Ордабасы» – «Тараз» – 1:0 (1:0), Ковальчук, 41 (1:0).

Чемпионаттағы 27-тур ойын­дары 16-17 қыркүйек күндері өтеді:

16 қыркүйек: «Ер­тіс» – «Ақ­жа­йық», «То­был» – «Ордабасы», «Та­­раз» – «Қайрат», «Аты­рау» – «Ақ­тө­бе», 17 қыр­күйек: «Қай­сар» – «Астана», «Шахтер» – «Оқжетпес».

Сұрмергендер:

1. Жерар Гоу («Қайрат», 1) – 17;

2. Жуниор Кабананга («Астана», 1) – 15;

3. Патрик Твумаси («Астана») – 10.

Қайрат ӘБІЛДА,
«Егемен Қазақстан»