Қатысушы мемлекеттер көрмені ұйымдастырушыларға павильондарды бастапқы түрде тапсыру мақсатында экспонаттарды шығарып, ішкі құрылыс құрылымдар демонтажын, сондай-ақ, тазалау мен жөндеу жұмыстарын жүргізуі қажет, деп хабарлайды «Астана ЭКСПО-2017» АҚ-тың қоғаммен байланыс департаменті.
Аталған процесс 15 желтоқсанға дейін аяқталуы тиіс.
Сәулет департаменті және Халықаралық қатысушылармен жұмыс атқару департаменті демонтаж процесіне бақылау жүргізеді.
Көрменің басты нысаны «Нұр Әлем» сферасы болашақ мұражайы ретінде қызметін жалғастырады.
115 мемлекет пен 22 халықаралық ұйым қатысқан «Астана «ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі 10 қыркүйекте аяқталғанын еске саламыз.
Алдын ала болжам бойынша 2 млн келуші күтілген, алайда келушілердің жалпы саны 3 977 545 адамды құрады.