21 Қазан, 2011

Жаңғырту бағдарламасы жайбарақаттықты көтермейді

287 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше облысқа   Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев  жұмыс бабымен келді. Ол сапар барысында қалалықтардың тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында салынып жатқан және пайдалануға берілген нысандарда болды. Облыс орталығындағы  тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту бағдарламасының жүзеге асу барысымен танысты. Үкіметтік делегация алдымен  тұрғын үй құрылыс жинақ  жүй­е­с­і арқылы республикалық бюд­жет қаржысына «Болашақ» ша­ғын ауданында салынып жатқан  үйлермен танысты. 168 пәтерлі тұрғын үйдің бір шаршы метрі 90 мың теңге тұрады. Құрылысты аралап көрген Ө.Шөкеевтің жұ­мыс­тың қарқыны мен сапасына көңілі толды. Осы жерде өңірдегі тұрғын үй құрылысы жайында облыс әкімінің орынбасары Ерхан Омаров толық мәлімет берді. Премьер-Министрдің бірінші орын­басары жақында ғана пай­далануға берілген 72 пәтерлі коммуналдық  тұрғын үйге де кіріп, қаншалықты сапалы салын­ғанына көз жеткізді. Ө.Шөкеев осы жерде  комму­нал­дық шаруашылықта қолданы­латын инновациялық технологиялар көрмесімен танысты. Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов осы салада табысты жұмыс істеп жүрген көрмеге қатысушыларды таныстырды.  Көрмеде «Акватория Ақтобе» ЖШС өнеркәсіптік және су жүйесінің қысымын арт­тыруға арналған «Грюнлфус» насос стансасының,  жылу жүйесін реттейтін «Бловер-Аудит»  қон­дыр­ғысының тұсауы кесілді. Бірінші вице-премьер сондай-ақ, тұр­ғын үй-коммуналдық шаруа­шы­лығын жаңғырту бағдарлама­сы аясында қайта жарақтан­да­рыл­ған       үйлерде де болды. Жұ­мыс сапасына риза болған Ө.Шө­кеев тұрғындармен кездесіп, бағ­дарламаға қатысты ой-пікір­ле­рімен бөлісті. Жаңғыртудың игілігін көрген тұрғындар осы бағ­дарламаның бастамашысы Елба­сы Нұрсұлтан Назарбаевқа шексіз алғыстарын білдірді. «Нұр Отан» ХДП облыстық фи­лиалында облыстар мен қа­ла­лар әкімдерінің орынбасар­ла­рының қатысуымен өткен кеңесті  Өмірзақ Шөкеев өзі ашып,  бұдан былай қанатқақты бағдарламаны жүзеге асыруда жайбарақаттыққа салынуға жол берілмейтінін қа­дап айтты. Әсіресе, бағдарла­ма­ны жүзеге асыруда сылбырлыққа жол беріп отырған өңірлер сынға алынды. Бағдарламаны жүзеге асыруда  Ақтөбе облысының көш бастап келе жатқаны айтылды. Кеңесте сол сияқты  құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық ша­руашылығы  агенттігінің төр­аға­сы Серік Нокин 2012-2020 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бағ­дар­ламасын жүзеге асыру барысы туралы баяндады. Сатыбалды СӘУІРБАЙ, Ақтөбе облысы.