Бокс • 16 Қыркүйек, 2017

Головкин мен Альварестің салмақ өлшеу рәсімі өтті

243 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ертең әлемдегі күллі бокс сүйер қауым асыға күтіп отырған әйгілі бокс кеші.

Головкин мен Альварестің салмақ өлшеу рәсімі өтті

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (37-0, 33 КО) мен мексикалық Сауль Альварес (49-1-1, 34 КО) жекпе-жекке бір күн қалғанда салмақ өлшеу рәсімінен өтті.

«Головкиннің де, Альварестің де салмағы 160 фунтты (72,57 килограмм) көрсетті» деп жазды Sports.kz.

Айтпақшы, Головкин мен Альварестің салмақ өлшеу рәсіміне қазақстандық жанкүйерлер де қатысты. ESPN Boxeo Твиттердегі парақшасына «Бұл жерден аз болса да қазақстандық жанкүйерлерді де кезіктіруге болады», - деп жазды Қазақстан туын жамылған жанкүйер түскен суреттің астына.

Еске сала кетейік, кездесу 16 қыркүйек күні (Қазақстанда 17 қыркүйек күні таңда) Лас-Вегастағы T-Mobile Arenaда өтеді. Қазақстанда жекпе-жекті «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары көрсетеді. Айтулы айқас Астана уақыты бойынша 08:50-де басталады.