Талбесік • 27 Сәуір, 2024

Қоршаған ортаға қамқорлық

210 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Айналаны таза ұстау табиғатты аялау – парасаттылық үлгісі. Қоршаған ортаға қамқорлық қоғамды қашаннан бері ілгері бастайтын ізгі амалдың бірі болып келеді. Табиғат адамзатқа берілген аманат болғандықтан, бұған қиянат қылмай, барынша қамқор болу жағына басымдық беру керек екені анық. Осындай жанашыр ниеттен туған бастаманың бірі – «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы.

Қоршаған ортаға қамқорлық

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «ЕQ»

Ел көлемінде 8 сәуірден бастал­ған тазалық науқаны 5 аптаға созылады. Әр аптаның өз тақы­рыбы мен мақсаты да белгіленген. Осы аптада «Жасыл аймақ» апталығы қорытындыланып жатыр. 20-27 сәуір аралығын қамтыған бұл кезеңде көшеттер егіліп, ағаштарды ақтауға ден қойылды. Ал бұған дейін айналамызды, аулаларды тазалауға шақырған «Таза өлке» және тарихи-мәдени ескерткіштер аумағын абаттандыруды мақсат тұтқан «Киелі мекен» апталықтары өтті.

Экологиялық акцияға еліміз­дің барлық өңірінің тұрғын­дары белсенді атсалысып жатыр. Бұл ретте кейбір өңірлер­де азаматтарды ынталандыру мақсатында қосымша іс-шаралар да қолға алынған.