Мыңғырған қазағымның төрт түлігі,
Жайлау мен жазирада өтті күні.
Киесі – Шопан ата, Шекшек ата,
Сауылдап төбесінен өпті нұры.
Құты да, қыдыры да малмен бірге,
Шырайын құрт-ірімшік әрлендірген.
Қазақтың қой-ешкісі қандай жақсы,
Сүтімен сүйегіңді нәрлендірген.
Қорғанбек АМАНЖОЛ,
«Егемен Қазақстан»
Жобаның жүргізушісі Айдарбек ҒАЗИЗҰЛЫ, «Егемен Қазақстан»