Оқиға • Бүгін, 18:48

2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2026 жылдың басынан бері Атырау облысында 31 автокөлік өртенген, ал 2025 жылдың алғашқы үш айында 18 көлік өртеніп кеткен, деп хабарлайды Egemen.kz.

2026 жылдың басынан бері Атырауда 31 көлік өртенді

Фото: pexels.com

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің деректері бойынша, автокөліктердің өртену себебі техникалық ақаулар, электр сымдарында қысқа тұйықталу және өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтамау болып отыр.

Мамандардың айтуынша, көліктердің өртенуі көбінесе қозғалтқыш бөлігінде немесе электр жүйесінде болады. Әсіресе, техникалық тексерістен өтпеген және ақауы бар көліктерде өрт қауіпі жоғары.

Алматыда базар маңында өрт шықты

«Біз жүргізушілерді техникалық тексерістен уақытылы өтуге және қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеміз. Электр сымдарына, жанармай жүйесіне тұрақты көңіл бөлу қажет. Әр автокөлікте өрт сөндіру құралдары болуы керек», деді ТЖД баспасөз қызметі.

Астанада құтқарушылар өрт кезінде 3 газ баллонын сыртқа алып шыққан

Соңғы жаңалықтар