Қазақстан • 19 Қыркүйек, 2017

Елорданың ахуал орталығы тұрақты түрде жұмыс істеуі мүмкін

304 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Қазіргі уақытта Астана қаласының басшылығы ахуал орталығының тұрақты жұмыс істеу мәселесін қарастыруда.

Елорданың ахуал орталығы тұрақты түрде жұмыс істеуі мүмкін

Халықаралық ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу кезінде ахуал орталығының жұмыс істеу тәжірибесі және де «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу шарасы оның коммуналдық-тұрмыстық мәселелерді шешу барысында үйлестіру саласында және елордада қауіпсіздікті қамтамасыз етуде тиімділігін көрсетті.

Астана қаласы әкімдігі аппаратының мобилизациондық дайындық және аумақтық қорғаныс бөлімінің басшысы Руслан Ормағамбетовтің мәліметінше, ағымдағы жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйек аралығында 109 қызметіне азаматтардан 58 180 өтініш келіп түскен. Оның 10 491-і – тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығына қатысты, ал 47 689 – анықтамалық-ақпараттық мазмұндағы сұрақтар.

-Елорда тұрғындары мен қонақтары тарапынан штаттық емес ахуалдар бойынша түскен өтініш-шағымдар тез қаралып, жедел шешілді.

Бұдан бөлек, ахуал орталығы ЭКСПО-2017 аясында мәдени-бұқаралық жәнеспорттық шараларды өткізу барысында тұрмыстық қамтамасыз ету нысандары мен коммуналдық қызметтің, көліктің инфрақұрылымның үзіліссіз жұмыс істеуін, қоғамдық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін, жедел медициналық көмектің көрсетілуін, өрт қауіпсіздігін, жалпы елорданың барлық қызметін үйлестіруді қамтамасыз етті. 

Қазіргі таңда ахуал орталығының ары қарай датұрақты түрде жұмыс істеу мәселесін қала басшылығы қарастырып жатыр, - деді Руслан Ормағамбетов. 

Естеріңізге саламыз, Астана қаласы әкімінің 2017 жылдың 30 мамырындағы өкімімен ахуал орталығы құрылған болатын. Оны ашудың басты мақсаты - ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізу барысында қауіпсіздікті қамтамасыз ету болды. Оның жұмыс істеуі үшін елорда әкімдігі аппараты, қалалық басқармалар мен оларға қарасты мекемелердің қызметкерлерінен көрмені өткізу кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету штабы құрылды.