Бұл жәдігер жайлы аталмыш музей басшысы Сәуле Әбішеваның айтуына қарағанда, белбеу 1985 жылға дейін Алматыдағы Мемлекеттік Орталық музей қорында сақталып келген. Оған қалай келді, ол жағы беймәлім.
Кейін ҚазКСР Мәдениет министрінің нөмірі 63-ші бұйрығымен акт жасалып (Акт № 165) белбеу Мемлекеттік орталық музей қорынан алынып, «Алтынемел» мемлекеттік мемиоралды музейіне табысталған.
Жәдігердің құжаттамасында бұл дүниені саяхатшы-ғалым 1858-1859 жылдары Қашғарияға барған сапарында буынып келген делінген. Белбеу өте сапалы, таза қытай жібегінен жасалған. Бұйымға бер жағы 150 жылдан астам уақыт өтсе де, сыны бұзылмай жақсы сақталған. Екі ұшына бірдей төгілген сәнді шашағы мен жиектей кестеленген өрнегінің бір жібі де сетінемепті.
Бұл зат өткен шілде айының басында Астанада өткен Алматы облысы мәдени күндері кезінде елордадағы Қарулы Күштердің әскери-тарихи музейінде көрмеге қойылып, көпшілік назарына ұсынылған болатын.
Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ,
Суретті түсірген Орынбай БАЛМҰРАТ,
«Егемен Қазақстан»