Кездесу барысында макроэкономикалық және салық-бюджет саясаты, банк секторының қызметі бойынша ХВҚ-мен өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Бұдан өзге, тараптар «Нұрлы Жол» және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары ауқымды бағдарламаларын, жекешелендіру бағдарламасын іске асыру барысын және «Астана» Халықаралық қаржы орталығы жобасының перспективаларын талқылады.
Анықтама:
Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің алғашқы жылдары ХВҚ-дан материалдық көмек алу құқығын пайдаланды. Экономика дамуының оң серпінінің арқасында Қазақстан Республикасы ХВҚ несие желілері бойынша міндеттемелерін 2000 жылғы 24 мамырда өтеді.
Қазіргі уақытта Қазақстан ХВҚ-дан қарыз алуды жоспарламайды. Елдің Қормен өзара іс-қимылында макроэкономика, ақша-несие және қазыналық саясат саласындағы үздік кеңесшілермен жұмыстағы ХВҚ тәжірибесін зерттеуді ескере отырып, техникалық көмек тартуға баса көңіл бөлінеді.