Шараны барысында Елжан Біртанов 2017 жылғы 10 маусым мен 10 қыркүйек аралығындағы кезеңде Астана қаласында өткізілген ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесінің сәтті аяқталуымен барлық қатысушыларды құттықтап, алғысын білдірді.
«Біздің елде өткізілген бұл ауқымды іс-шара Қазақстанның экономикалық мүмкіндігінің өскенін, әлем елдерінің арасындағы оның беделі мен жоғары орнын көрсетті. ЭКСПО-ға 4 миллионнан астам адам барды, бұл осындай келушілердің көп санына медициналық қызмет көрсету мен санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету бойынша шын мәнінде үлкен жұмыс жүргізуді қажет етті» деді министр.
Сонымен қатар, Елжан Біртанов медицина қызметкерлерінің кәсібилігі, жедел іс-қимылы көмекке жүгінген адамдарға қысқа мерзімде көмек көрсетуге, асқынуларға және келушілердің шағымдарына жол бермеуге мүмкіндік бергенін, Медициналық көмекке 9 мың адам жүгінгенін, оның ішінде бір жарым мыңы шетелдіктер екенін және бірде-бір асқыну жағдайына және өлім жағдайына жол берілмегенін тілге тиек етті.
Сондай-ақ ол санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлеріне профилактикалық жұмыстың ауқымды көлемін жүргізуде мамандардың жүйелі жұмысына алғыс айтты.
«Мәселен, санэпидқызметтің қызметкерлерімен күн сайын көрменің аумағында орналасқан 85 тамақтану объектісіне және «MEGA Silk Way» СОО бақылау жүргізілді. Тамақ өнімдерінің 35-тен астам атауына, азық-түлік өнімдерінің 12 мыңнан астам сынамасына экспресс-сараптама жүргізілді. Салмағы 11 тонна болатын азық-түлік өнімдерінің 1625 партиясы жарамсыз деп танылып, ЭКСПР аумағына жіберілген жоқ. Оның ішінде 3 тоннадан астам азық-түлік сатылымнан алынып тасталып, жойылды. Шетелден инфекциялық аурулардың әкелінуіне жол бермеу мақсатында Астана қаласының халықаралық әуежайында шетелден келген адамдарға күшейтілген санитариялық-карантиндік бақылау жүргізілді. ЭКСПО кезеңінде 218 мың жолаушы мен 14 мың экипаж мүшесі тексерілді. Аса қауіпті инфекция күдігі бар жолаушылар анықталған жоқ» - деп толықтырды.
Елжан Біртанов сөзін қорытындылай келе, медицина қызметкерлеріне халыққа медициналық көмек көрсету кезіндегі орасан зор еңбектері, шеберліктері мен қайсарлықтары және еліміз үшін маңызды халықаралық іс-шараны медициналық қамтамасыз ету кезінде ерен еңбек атқарғандары үшін тағы да алғысын білдірді.
Рауан ҚАЙДАР,
«Егемен Қазақстан»