Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Жаңғыру мен дамудың ұстыны

274 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауған соғысы ардагерлері ұйымдарының «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығы Ел­басының қазақ тілін біртіндеп латын әліп­биіне көшіру бастамасын қолдайды. 

Жаңғыру мен дамудың ұстыны

Осы ар­қы­лы еліміз қазіргі заманғы технологиялық орта­ға, коммуникацияға, сондай-ақ ғылым және білім беру процесіне тереңірек кіріге түседі.

Мемлекет бұл іске барынша байыптылықпен, дәйектілікпен және дайындықпен кірісуде. Енді, міне, қазақ әліпбиінің латын графикасындағы жобасын жалпыхалықтық талқылау басталды. Қазақтың жаңа жазуының сыншысы да, тілекшісі де, төрешісі де халық болмақ. Демек әліпбидің ақырғы нұсқасының қандай болатыны да барша қазақстандықтарға байланысты болуы тиіс.

Бұл бастама бөлініп-жарылуға емес, ескіден арылуға, сананың жаңғыруына, мемлекеттік тілдің жаңаша дамуына бастайды. Тәуелсіз қазақ елінің азаматтарына әлденені сырттан таңуға ешкімнің хақысы жоқ. Бұл – біздің, Қазақстанның тәуелсіз, өркениеттік таңдауы. Бұл таңдауда да барша қазақстандықтардың ке­зекті рет ырыс пен ізгілікке ұштасар бірауыз­дылық танытарына сенім білдіреміз.

Ауған соғысы ардагерлері ұйымдары 

«Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы

Бақытбек Смағұл