Сонымен қатар Елбасына ел тәуелсіздігі жолындағы күресте танымал болған белгілі тарихи қайраткерлер – хандар, билер және батырлар суреттерінің галереясы көрсетілді.
Мемлекет басшысы Қарасай ауданының жұртшылық өкілдерімен кездесті. Онда өңірдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері мен Алматы облысының даму перспективалары талқыланды.
Мемлекет басшысы Қарасай ауданындағы музей құрылысымен танысты.
Елбасы музей экспозициясында ел Тәуелсіздігінің барлық кезеңдерін, соның ішінде Қазақстанның жаңа елордасы – Астананың салынуын қамту қажет екенін атап өтті.
Музей жанында тәуелсіз Қазақстанның тарихи даму кезеңдерін бейнелейтін барельефті панно салынатын болады. Оның ортасына Мемлекеттік тудың тұғырын орналастыру жоспарланған.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Алматы қаласына және Алматы облысына жұмыс сапары барысында Шамалған ауылына барып, ауылдастарымен бейресми әңгіме өткізді.
Музей құрылысы жеке адамның қаражаты есебінен жүргізілуде. Нысанның құрылысы биылғы 1 желтоқсанда аяқталады деп жоспарланған.
Нұрсұлтан Назарбаев, сонымен қатар Қарасай ауданындағы дене шынықтыру және сауықтыру кешенінің құрылысымен танысты.
Қазақстан Президентіне бұл нысанның құрылысы жеке қаражат есебінен жүргізіліп жатқаны мәлімделді.
Дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде бокс және күрес залдары, жүзу бассейні, теннис корты, жаттығу және әмбебап спорт залдары, 1000 орындық стадионы бар футбол алаңы, сондай-ақ, медициналық кабинет пен кафе орналасатын болады.
Суреттер Президенттің баспасөз
қызметінен алынды