Қазақстан • 21 Қыркүйек, 2017

Мемлекеттік қызметтер пошта арқылы көрсетіледі

290 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

«Азаматтарға арналған үкімет» «Қаз­пош­та»­АҚ-пен бірлесіп, қанатқақты жобаны іске қосты. Соның арқасында ХҚКО жоқ шалғай елді мекендердің тұрғындары мем­лекеттік корпорацияның қызметтерін «Қаз­пошта» АҚ ауылдық бөлімшелерінде ала алады.

Мемлекеттік қызметтер пошта арқылы көрсетіледі

Әзірше 66 мемлекеттік қызмет көрсетіледі, оның ішінде электронды анықтамаларды беру, баланың тууын тіркеу, баланың тууы мен кү­тіміне байланысты жәрдемақы тағайындау, жыл­жымайтын мүлік объектілеріне техникалық пас­порттың телнұсқасын беру, запастағы офицер­лерге әскери билеттер және олардың тел­нұс­қаларын (әскери билеттің орнына уақыт­ша куә­ліктер) беру және тағы да басқа қызметтер бар. 

«Азаматтар арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының төрағасы Абылайхан Оспа­нов­­тың айтуынша, мемлекеттік корпорацияда шал­­ғай­дағы ауылдық округ тұрғындарының мем­­ле­кеттік қыз­меттерді еркін алуына ерекше на­зар аударылып келеді. Осылайша, 2012 жылдан бастап бүкіл Қазақстан бойынша 70 мобильді ХҚКО жұмыс іс­тейді, олар әкімдіктердің өті­німдері бойынша ел­ді мекендерге шығып, қыз­мет көрсетеді. Жыл ба­сынан бері олар 7455 рет ауыл тұрғындарына ба­рып, 335 736 қызмет көр­сеткен. 

«Біз ауыл тұрғындарын тек пошта қызметімен емес, сонымен қатар әртүрлі банк қызметтерімен, әри­­не, оның ішінде ХҚКО қызметімен де қам­та­м­асыз ететін боламыз. Өйткені ауылда көбіне пош­та байланысы бөлімшелері ғана жұмыс іс­тейді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді пош­та арқылы алу үшін, ауыл тұрғындары құ­жаттар пакетін ұсынулары, қызмет көрсетуге жаз­баша түрде өтініш берулері және қажет бол­ған жағдайда, мемлекеттік баж салығын тө­леу­лері тиіс. Қазпошта операторы өтініштерді қа­был­дап, құжаттар пакетін қалыптастырады және оны жа­қын жердегі халыққа қызмет көрсету ор­та­лы­ғы­на жөнелтеді. Онда ХҚКО инспекторы қыз­мет­ті ресімдеп, курьер арқылы дайын құ­жатт­ар­ды жібереді», – дейді «Қазпошта» басшысы Сәкен Сәрсенов.

«Егемен-ақпарат»