Қазқұтқару-2017 үшінші күні командалар «Техногендік апаттар және қоршаған орта жағдайындағы іздеу-құтқару жұмыстары» арақашықтығында құтқару көпсайысы бойынша жарысуда. Кәсіби құтқарушылар «Үйінді», «Каньон», «Лабиринт», «Таудағы құтқару жұмыстары», «Жол-көлік және теміржол оқиғалары», «Химиялық апат», «Форт» және «Жартас» кезеңдерінен өтті.
Жаңа енгізілім ретінде «Үйінді» кезеңіндегі жарыстарға кинологиялық есептер кірісті, олар үйінділерден зардап шеккен адамдарды іздестірді.
Жарыстардың барлық кезеңдеріндегі командалардың басты міндеті «зардап шеккендерді» және «қаза болғандарды» табу, оларды бұғаттан шығару алғашқы медициналық көмек көрсету, оларды қауіпсіз жерге эвакуациялау болып табылады.
Жарыстың әр кезеңінің аралық нәтижелері бойынша ең үздік уақыт көрсеткендер:
- «Үйінді» кезеңінде – Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы (уақыты - 51:57);
- «Шатқал» кезеңінде – Шығыс өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы (уақыты - 40:27);
- «Лабиринт» кезеңінде – Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы (уақыты - 26:55);
- «Таулардағы құтқару жұмыстары» кезеңінде – Орталық өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы (уақыты - 52:46);
- «Жол-көлік және темір жол оқиғалары» кезеңінде – Республикалық жедел-құтқару жасағы (уақыты - 26:41);
- «Химиялық авария» кезеңінде – Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы (уақыты - 25:55);
- «Форт» кезеңінде – Солтүстік өңірлік аэромобильдік жедел-құтқару жасағы (уақыты - 49:15).