"Көрменің аяқталуына байланысты қаладағы хостелдердің көпшілігі жұмыс бағытын өзгертіп жатыр. Олар ұзақ мерзімді жалға беруге көшті. Бұл студенттер мен жұмыс бабымен келген қонақтарға қолжетімді әрі тиімді ұсыныс", - деді "Астана конвеншн бюро" ЖШС бас менеджері Марат Әлмағанбетов.
Оның айтуынша, қазір орта есеппен хостелдегі бір орынды жалға алу бағасы айына - 25 мың теңге. "Оқу жылының басталуымен кейбір хостелдер жеңілдік ұсынып отыр. Сол жеңілдікке сейкес, бір орынды 20 мың теңгеге алуға болады", - деді ол.
Айта кетейік, ЭКСПО көрмесі кезінде Астанада 95 хостел жұмыс істеді. Ондағы жатын орын саны 4500 құрады. Сондай-ақ, өткен үш айда қалаға келген 22 мың мейман хостелдерді паналаған екен.