Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2017

Qazaqstan3d.kz – елімізді таныстырудың таптырмас жобасы

93 реткөрсетілді

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­­денті – Елбасы қорының баста­масы­мен және қолдауымен әзірленіп, күні кеше көп­шілікке ұсынылған Qazaqstan3d.kz интернет-сайты Елбасы жүктеген мін­деттерді жүзеге асыру бағы­тындағы нақ­­ты жұмыс дер едім.

Қазақ тілін қашықтықтан үйренуге арналған «Soyle.kz» тұңғыш онлайн-курсының авторы саналатын Мемлекеттік тілді дамыту қоры Тілдер мерекесіне орайластырып Елбасымыз Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында бірқатар жаңа интернет-жобаларын жұртшылыққа ұсынды. Қордың жаңа жобалары мен ана тіліміздің мәртебесін арттыру бағытында атқарылып жатқан өзге де жұмыстары туралы айтып беруін өтініп, қордың директоры Азат ШӘУЕЕВТІ әңгімеге тарттық.    

– Азат Сәдметұлы, сіз басқарып отырған қордың «Soyle.kz» онлайн-порталы қазақ тілін халыққа тегін үйретіп отырғанынан хабардармыз. Жуыр­да тағы да жаңа интернет-жоба­лар­дың тұсауын кестіңіздер, осы өнім­деріңізге толығырақ тоқталсаңыз...

– Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Қазақ­стан­ның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты биылғы Жолдауында білім беруде ІТ саласын кеңінен қолдану, 3D-принтинг, онлайн, мобилді, цифрлық қызмет көрсету секіл­ді салаларды дамытуды айтып, бұл іске мем­лекеттік емес секторды белсенді түр­де тарту қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зи­­денті – Елбасы қорының баста­масы­мен және қолдауымен әзірленіп, күні кеше көп­шілікке ұсынылған Qazaqstan3d.kz интернет-сайты Елбасы жүктеген мін­деттерді жүзеге асыру бағы­тындағы нақ­­ты жұмыс дер едім. Қазір бәріміз, әсі­ре­се жастар жағы өзіміз­ге қажетті мағ­лұ­­мат­ты, ақпарат­ты интернеттен із­дей­ті­ніңіз белгілі. Бұл жыл­дам әрі қол­же­тімді. Осы тұрғыдан кел­генде «Qazaqstan3D» жо­басы – Қазақ­­станды бейнелі түрде та­ныс­­тыру­­дағы таптырмас мульти­ме­диа­­лық жол­серік. Жаңа технологияға не­гіз­дел­ген жобаның басты мақсаты өз отан­дастары­мызды, шетелдік қонақтарды республикамыздың көрнекті жерлерімен ғаламтор желісінің мүмкіндігі арқылы таныстыру болып табылады. Қазіргі заманға сай дайындалған 3D моделіндегі веб-сайттың, оның Android және iOS плат­­формаларында жүктелетін қосым­ша­сы­ның құрылымы да жүйелі, интер­фейсі де қолайлы. Сайт арқылы бүкіл әлем Қазақ­стан туралы толық мағлұмат ала алады, елімізге саяхаттап келетін шет­ел­­дік азаматтарға да көмегі зор бол­мақ, олар қауіпсіз саяхат жасау бағытын анық­тауға, қолайлы тұратын орын таңдауға мүм­­кін­­дік алады. Жоба үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсыны­лып отыр.

Ұсынылып отырған екінші жобамыз – «Жеті қазына» мобильді қосымшасы, мұны да көпшілік көңілінен шығатын ерекше жоба деуге болады. Халқымыз­дың дәстүрлі дүниетанымындағы «жеті қазына» ұғымы мобилді қосымшаның тұтастай құрылымы мен мазмұнына арқау болды. Қосымшаны жүктеп алған пайдаланушы «Киелі сандар сыры», «Салт-дәстүр», «Асыл мұра», «Сөз сан­дық», «Алтын зер», «Тайқазан», «Ұлы дала ғажайыптары» деп аталатын 7 бө­лім­­нен қазақ және орыс тілдерінде мол мағлұмат алады. Ресурс ата-баба­мыз­­­дан қалған мұралар туралы, ұрпақ­тан ұрпаққа жеткізіліп келе жатқан тари­­хи аңыздар мен шежіреден сыр шер­­теді, мәдени құндылықтарымызды та­ныс­­тырады. Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласында белгіленген міндеттерді жүзеге асыру мақ­сатында әзірленген бұл жаңа жоба­лар, танымдық ресурстар ұлттық құн­ды­лық­тарымызды насихаттауға, дәріп­теу­ге, жастардың өз еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыруға және олардың IT саласындағы білім-біліктерін жетілдіруге ықпал етеді деген ойдамыз.

– Мемлекеттік тілді дамыту қорын құру идеясының авторы Елбасымыз еке­­­нін жұртшылық жақсы біледі. Үкі­мет­тік емес ұйым болып табылатын қор­­дың өзге мекемелерден өзгешелігі неде?

– Қордың басты ұстанымы – Елбасы­ның мемлекеттік тілді дамытуға бағыт­тал­­ған бастамаларына қоғамдық қол­дау көрсету, еліміздің рухани жетістік­терін, тарихи мұраларымызды кеңі­нен наси­хаттау, жастар арасында қазақ­стан­дық патриотизмді қалыптастыру мен ны­ғайтуға атсалысу. Біз қоғаммен, әртүр­лі әлеуметтік топтармен тығыз қарым-қатынастамыз. Жоспарланатын шаралар, атқа­рылатын істер қоғам өкілдерінің тіке­лей араласуымен, солардың қажет­тілігі, сұранысы мен тапсырысына орай орындалады. Осы уақытқа дейін бала­­бақ­шадан бастап балалар үйлері, мек­теп, колледж оқушылары, жоғары оқу орын­дары студенттерінің белсенді қатысуымен 100-ден аса ауқымды іс-шаралар өткізілді. Этномəдени топ­тар­дың жастар қауымын, дарынды да қабілетті, өткір жастарды ақыл­дасу-кеңесуге, талдау-талқылауға, бас­қосу­­ларға шақырамыз, бірлесе жұмыс атқа­рамыз. Іс-шаралардың ұйымдас­тыру бағыты да, әдіс-тәсілі де сан алуан. Жас­­­тар арасында бірлесе өткізілген сан алуан жарнамалық-ағартушылық акция­лар, қазақ тілін оқытуға арналған интер­нет-портал құру жобалары қазір көп­ші­­лік­тің көңілінен шығуда. Қоғамдық бас­та­маларға көмек көрсетеміз, қазақ тілін­де оқытудың инновациялық бағдар­лама­ларына, жекелеген авторларға қол­дау-көмек көрсетілді.

Қоғам сұранысына, заман талабы­на орай іске қосылған басты жобалары­мыз­дың бірі – қазақ тілін қашықтық­тан оқытатын «Soyle.kz» интернет-порта­лы. Көп ізденіс нәтижесінде әзірленген жоба азаматтарымызға қазақ тілін онлайн режімінде ақысыз, қолайлы уақытта үйренуге мүмкіндік беріп отыр. Порталда ең қажетті деген оқу-жаттығу жұмыстары қамтылған: жаңа сөздердің оқылуы мен аудармасы, сөздік қорды молайту жатты­ғулары, күнделікті қолданылатын дайын сөз орамдары, жағдаяттық диалогтар, аудио және бейне материалдар, тест сұ­рақ­тары, ақпараттық материалдар, тағы басқа көптеген мәліметтер бар. Пор­тал іске қосылғаннан бергі үш жыл­дың ішінде оны әлемнің түкпір-түкпірі­нен 3 млн адам пайдаланса, арна­йы тір­келіп тіл үйреніп жатқандар саны 70 мың­ға жуықтап қалды. Soyle мобил­ді қосым­шасы арқылы тіл үйреніп жатқан­дар жетерлік. Сондай-ақ биыл «Samruk-Kazyna Trust» әлеуметтік жобаларды қолдау қорының қолдауымен «Soyle.kz» әдістемесі бойынша 200-ге жуық адам скайп арқылы тілді тегін үйреніп шықты, 500-ден астамы кезекте тұр.

– Бұдан екі жыл бұрын Елбасының қабылдауында болуыңыз көптеген көкейкесті мәселелердің шешілуіне жол ашқан секілді.

– Иә, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылғы Наурыз мере­ке­сі қарсаңында мені қабылдап, өзі­нің «Жібек жолы» бейбітшілік сыйлы­ғы­ның бір бөлігін ана тілімізді дамыту жобаларына арнайы бөлген болатын. Осы қаражаттың арқасын­да тіл үйре­тетін онлайн-порталымызды одан әрі дамы­тып, балаларды мектепке даяр­лау­ға арналған «bala.soyle.kz» он­лайн сайты мен «Sozdik.soyle.kz» та­қы­рып­­т­ық сөздік ресурсын ашу мүм­кін­дігін иелендік. Абай атамыздың 170 жыл­­дығына орай «Abaialemi.kz» тұң­ғыш энциклопедиялық порталын іске қос­­тық. Балаларға арналған «Тәтті алма» 2-томдық көркем шығармалар жи­на­ғын шығарып, «Tattialma.kz» бала­лар әде­биеті сайтын аштық. «Тәтті алма» Елбасының бүлдіршіндерге ар­на­ған керемет сыйлығы болды. Жинақ еліміздің барлық балалар кітап­ха­на­ларына тегін таратылды. Биыл Елбасы Қорының қол­дауымен атал­мыш жинақтың 3 және 4-том­дары жас оқыр­мандар қолына тиді. Өскелең ұр­пақты отансүйгіштіке тәр­биелеу мақ­сатында әзірленген «Менің Қазақ­станым», «Қазақстанның Ұлы Тұлға­лары», «Қазақстанның мерекелері» сияқ­ты мобилді қосымшаларын да жастар үлкен қызығушылықпен пайдалануда.

 2015 жылдан бастап Тұңғыш Прези­дент Қорының қолдауымен өзіміз жасаған алғашқы отандық интеллектуалды «Кім білгіш?» мобилді қосымшасы арқылы жыл сайын жоғары сынып оқушылары арасында республикалық онлайн-турнир өткізіп келеміз. Биылғы турнирдің екі турының нәтижесі бойынша финалдық бәсекеге еліміздің түкпір-түкпірінен 12 оқу­шы өтті. Соларды арнайы Аста­наға шақырып, қорытынды ойынды қазан айын­да өткіземіз. Жеңімпаздардың бар­лығы бағалы сыйлықтармен, арнайы диплом­дармен марапатталатын болады.

 – Жақсы байқау екен. Жастар үшін өз қабілет-қарымын шыңдауға, білімін көрсетуге зор мүмкіндік, олар­дың тал­пынысын ынталандыруға жол ашатын.

– Мұндай байқауларды жиі өткізіп тұра­мыз. Жуырда қазақстандық интернет-кеңістікті, ақпараттық ресурстар мен сер­вис­терді дамыту, олардың арасынан үз­дік­терін анықтау, ынталандыру мақ­сатын­да Тұңғыш Президент Қорының қол­дауымен жыл сайынғы «Үздік қазақ­­­тілді интернет-сайт сыйлығы бай­қауын» жарияладық. Қараша айында қоры­­тындысын шығарып, байқауға түс­­кен сайттардың он аталым бойынша үздік­­тері анықталып, арнайы қаржылай сый­­лық­тармен марапатталатын болады.

Жыл сайын өзіміз де, жас ақын-жазу­шы­лар да асыға күтетін ерекше сайыс – «Алтын тобылғы» байқауы. Байқау Тұңғыш Президент Қорының бастамасы­мен және қаржылық қолдауының арқасын­­­­да Жазушылар одағымен бірлесіп өт­кізі­ле­ді, оған 18 бен 35 жас аралығын­дағы жас ақын-жазушылар қатыса алады. «Алтын тобылғы» жүлдесі «Үздік проза», «Үздік по­эзия», «Үздік драма­тур­гия» және «Бала­лар­ға арналған үз­дік шығарма» және еркін тақырып ата­лым­­дары бойынша беріледі. Әр но­ми­­­на­ция­ның бас жүлдесі 1 млн тең­гені құрайды. 2015 жылы байқаудың еркін тақырыбына «Мәңгілік ел» идея­сы арқау болса, 2016 жылғы байқау тәуел­сіз­дігіміздің 25 жылдығына арналып, «Тәуелсіздік тұғыры» атауымен өтті. Биылғы байқауымызда еркін та­қы­рыпты Елбасының «Болашаққа бағ­дар: рухани жаңғыру» мақаласында көтерілген «Туған ел» тақырыбына арна­дық. Жас ақын-жазушылар осы байқауға қатыса­мын десе әлі уақыт бар, өтінімдер бірін­ші қарашаға дейін қабылдана­ды. Осы байқаулардың ережелерімен Тұңғыш Президент Қорының www.fpp.kz немесе біздің қордың http://www.qazaq-found.kz сайттарынан танысуға болады.

– Бүгінгі таңда қоғамымызда латын әліпбиінің нұсқасы қызу талқылануда, тіл маманы ретінде осы мәселе бойын­ша ойыңызды білдірсеңіз. Еліміз үшін ма­ңыз­ды қадамға қор қандай үлес қоспақ?

– Латын әліпбиіне көшу – ұлт­тық мүддемізді қорғаудың басты тетігі. Ел­басы бастамасымен көтерілген бұл игі­лікті істе әлемдік тәжірибелер, ішкі және сырт­­қы тарихи-саяси жағдайлар ескеріліп, біз­ді осындай қадамға алып келді. Және де ұлт­тық санамызды жаңартып, қоғамға ру­хани серпін беріп, заман көшіне ілесу­ге жа­сал­ған игі қадам деуге болады. Латын гра­фикасының маңызы, бүгінгі әліп­биі­мізге қарағандағы тиімділігі мен оңтай­лы­­лы­­ғы ғалымдар тарапынан толық зе­р­де­­­­ленді деуге болады. Жүргізілген ғылы­­­ми зерттеулер мен салыстырулар көп ұта­­­ты­­нымызды көрсетіп отыр. Ең ал­ды­­­мен Елбасымыз айтқан «Ұлттық ко­ды­­­мыз­­ды» сақтау үшін және шетелде тұ­рып жат­­­қан қан­дас­тарымызбен қарым-қа­ты­­на­­­с­ы­­мыз­ды жақсарту жолындағы маңызды шешім.

Екіншіден, интернеттің кеңінен қол­­данылуы, халықаралық деңгейдегі сапа, талап тұрғысынан алғанда латын әліп­­биі жаңа технологияларға жол ашары анық. Латын әліпбиін қабылдау, бекіту арқылы біз үлкен тілдік реформа жасай­мыз. Ал­дағы кезең латын әліпбиінің ұсы­­ныл­­ған нұс­­қаларына қазақ тілінің таби­­ға­ты мен заң­дылықтары тұрғысынан, ор­фо­­гра­­фия­лық, орфоэпиялық ереже­лері­­­не икем­­­д­ілігі жағынан талдау, талқы­лау жүр­­­гізілетін кезең болмақ. Және де бекі­ті­ле­­­тін соңғы нұсқа тілдің қоғам­дағы қыз­­­­мет етуін толыққанды өтей ала­тын­дай, тіл үйренушілердің қазақ тілін еркін мең­­­­­геруіне оң ықпал жасап, келе­ше­гі­міз қазақ тілінде сауатты жазып, еркін сөй­лей­­­­тін­­­дей болуы шарт. Сонда ғана бұл ма­­­­ңы­з­­­­ды қадамның игі іске айналары сөзсіз.

Жалпы, латын әліпбиіне көшуді біз қуанышпен қабылдадық. Олай дейтінім, бізге елімізден тыс жерлерде тұратын қандастарымыздан, әсіресе олардың жас­тар қатарынан көптеген өтініш хаттар түсуде. Қазақ тілін үйрену үшін біздің портал қызметіне жүгінетін шетелдік қазақ­тар орыс тілін, кириллицаны біл­мей қиналатындықтарын алға тартады. Сондықтан олар «Soyle.kz» порталы­ның ағылшынша-латынша нұсқасын жасауымызды өтініп отыр. Латын әліп­биінің нұсқасы бекітіле сала біз осы пор­талдың ағылшынша-латын­ша нұс­қасын жасауға кірісеміз. Осы жұмыс­тар арқылы шетелдегі қандастарымызға ана тілін үйрететін болсақ, ал өз отандас­тары­мыз қазақ тілін латын әліпбиі ар­қы­лы үйренуге, ағылшын тілін қоса мең­геруге мүмкіндік алады.

Келесі жылы іс қағаздарын қазақша жазып, қазақша толтыруға, сауатты әзір­леуге үйрету мақсатында «Құжат тілі» (Quzhat.kz) онлайн порталын ашу жос­­­парымызда бар. Алғашқы ұйымдас­тыру, жүйелеу жұмыстарын бастап та кеттік.

Әрине атқарылар шаралар тізімі мұны­мен шектелмейді. Қор ұжымы үнемі ізденіс үстінде. Елімізде мемлекеттік тіл өзінің қоғамдық-әлеуметтік қызметін толық­қанды атқаруы үшін, ана тіліміздің беде­лін, қажеттілігін аттыру үшін тоқ­таусыз жұмыс жасайтын боламыз.

– Әңгімеңізге рахмет.

– Сізге де рахмет, осы мүмкіндікті пай­далана отырып, барша қазақстандық­тарды ертеңгі келе жатқан Тілдер мереке­сімен құттықтаймын, ана тіліміздің абы­ройы асқақтай берсін деп тілеймін.

Әңгімелескен

Сүлеймен МӘМЕТ,
«Егемен Қазақстан»

Баннер
Соңғы жаңалықтар

«Дүние»-бақтың жемісі

Руханият • Бүгін, 10:33

Сипаты бөлек «сыпайылық»

Руханият • Бүгін, 10:07

«Құныскерей» – құнды еңбек

Руханият • Бүгін, 09:53

Қазақ тарихының қасіреті

Руханият • Бүгін, 09:44

Ертегілік ес әлемінің өкілі

Руханият • Бүгін, 09:37

Қаламгер мен Қаһарман

Руханият • Бүгін, 09:31

Заманымыздың Білге Қағаны

Руханият • Бүгін, 09:22

Ұқсас жаңалықтар