Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2017

Шаханның шоқтығы

540 рет
көрсетілді
5 мин
оқу үшін

Бүгінгі күні қо­­ғам­ның бар­­­­лық топтары мен жік­­терін әлеу­­­­меттен­ді­ру, яғни өмір сү­руге ың­­­­ғай­­лы да қо­лай­лы жағ­дай­­лар туғы­зу мәсе­лесі жоға­ры мән­ге ие. Бұған аяқ-­қолы балғадай азаматтардан гөрі, мүм­кіндігі шектеулі жандар көбірек зәру екені де бүгінгі күннің шындығы. Соңғы кезде олардың өмір сапасын жақсарту мәселелеріне мемлекет тарапынан да жан-­жақты көңіл бөлініп ке­леді. Екіншіден, кейінгі жылдары таза әлеуметтік сипат ала бастаған сү­йекті іс-шаралардың бірі өңірлік және рес­публикалық деңгейде өткізіліп жүрген үз­дік әлеуметтік жобаларға жарияланған конкурстар болып табылады. 

 

Шаханның шоқтығы

Осы арада басын ашып айтатын тағы бір жағымды жайт осы конкурстардың же­ңім­паздары өзгелер емес, мүмкіндігі шек­теу­лі жан­дардың өздері болып шық­қандары. Бұған таң қалуға бол­­майды. Өйткені ащы мен тұщыны татқан білер, алыс пен жақынды жортқан білер дегендей, мүгедек жандардың жай-күйі мен мүмкіндіктерін олардың өздерінен артық сірә, ешкім біле қоймайтын шығар. Мүм­кіндігі шектеулілерге ар­нал­ған жобаларда «қолар­баға байланғандардың» алға қара үзіп шығуының бас­ты сы­рын осындай табиғи заң­ды­лықтан іздеуіміз керек секілді.

Мәселеге осындай көз­қарас тұр­ғы­сынан келгенде биыл Ақ­төбе облысында өткізілген «Үз­дік әлеуметтік жобалар» конкурсында жігерлі жан, рухы биік азамат Шахан Жол­дасбаевтың жеңіске жетуі кездейсоқтық емес деп батыл түрде айта ала­мыз. Басты мамандығы тех­ник-инженер болып табылатын ол «Пандус-ОК» атты арнайы мамандандырылған кәсіп­орынға жетекшілік жа­сай­ды. Қазіргі күні Шахан Шах­­­ма­ранұлы Астанада өтіп жат­қан «Қазақстанда жа­салған үздік әлеуметтік жобалар» атты респуб­ликалық көрменің бел ортасында жүр.

Ойы озық, түйсігі терең зер­делі азамат жоғарыда аталған арнайы құрылыс кә­сіп­орнын 2014 жылы құрып­ты. «Мұндағы мақсатым – әлеуметтік-тұрмыс­тық ғима­раттарға және­ оның аума­ғына тұрғындардың аз жұ­мыл­ды­рылған топтарының емін-еркін кіріп-шығуына оңтайлы жағ­дайлар туғызу еді. Қазіргі кү­ні о баста ойластырған жобаларыма толықтай қол жеткіздім деп айта алмаймын. Дегенмен ара­да өткен үш жыл ішінде біраз іс­тің басы қайырылып қалғанын көңіліме медеу тұтамын. Осы аралықта біздің жобамыз бойынша жасалған арнайы пандустармен 20 нысан қамтылды», деді Шахан бауырымыз ризашылық кейіпте.

Шоқтығы биік көрінетін Ша­хан­мен екеу-ара әңгімеде тағы бір көңілге түйген жайт, сонымен бірге ол пандустар орнату реті мен орны бол­маған әлеуметтік-тұр­мыстық орындарда электр қуатымен жұмыс істейтін, бей­не­леп айтқанда, лиф­тінің ор­нын айырбастай алатын арна­йы көтергіш тетік­ті орната ал­ғандығы. Оның са­ны пандустармен салыстыра қарағанда әлде­қайда асып тү­седі. Шахан Жолдасбаев бұдан үш жыл бұрын өз кәсіпорнын ашқан кезге дейін «Өз көзіммен қа­ра­­ғандағы қала» атты жобамен шұғылданып келіпті. Ай­тар ойымызды бұдан да гөрі ашың­қырап айтқанда мұ­ның өзі қо­ларбаға таңылған мүге­дектің ой-мақсаттары болып шығады.

Әрі бұл жеке бастың қа­мын күйт­теген іс емес, тұ­тас­тай республика қалалары жағдайла­рында мүмкіндігі шектеулі жандардың сол қала­ларда өмір сүріп, тұр­мыс кешуге бейім­деле білу мүм­кіндігін алдын-ала қамдаған ке­­мел іс болып шығады. Соның ішінде Ша­хан өзімен тағдырлас жан­дар Ақтөбе қала­сындағы белсенді азаматтық өмірге қан­ша­лықты бейім­деле алатыны­ жөнінде бө­лек толғамдар жасайды. Бұл деректің өзі Шахан Жол­дасбаевтың арнайы ма­ман­­дандырылған құрылыс кә­сіпорнын құру жөніндегі қадам­ға құрғақ, жалаң энтузиазм­мен емес, арнайы кәсіби әзір­лік­пен келгенін көрсетеді. Оның айтуына қарағанда, қа­зір­гі күні «Пандус-ОК»-ге құ­рылысы жүріп жатқан нысандардан көптеген сұраныстар түсіп жат­қан көрінеді. Оның тіз­­бегі тек тұрғын үйлермен шек­­­телмейтінін де Шахан Жол­дасбаев жетекшілік жасайтын кә­сіпорынға деген сенімнің белгісі деп бағалағанымыз жөн шығар. Жоғарыда айтылып өткендей, біздің кейіп­керіміздің басты мақсаты мүгедектерге арналған икемді де ыңғайлы пандус­тар проблемасын түбегейлі ше­шу болып отыр. Осы орайда тағы бір айта кетерлік мәселе қа­зіргі таңда «Пандус-ОК»-ның қызметіне сұраныстар тек рес­публикамыздың батыс өңі­рінен ғана түсіп келсе, алдағы жыл­дары оның ауқымы тұтастай елі­мізге таралады деп күтілуде. Дәл осылай боларына кәсіпорын бас­шысының сенімі өте нық көрінді. Осы арада Шахан Жол­дас­баев өнегелі отбасы иесі әрі екі баланың әкесі екенін ай­­­та кеткен жөн. Оның «сал ауруы­­на ұшыраған азаматтарды қолдау жөніндегі қоғамдық бір­лестіктің» бел­­сенді мүшесі екені де бөлек бір әңгіменің ен­шісі. Сон­дай-ақ рухы жоғары жан, пара­лимпиалық жүзу спорты бойынша­   республика чемпионы, жыл адамы, «Жан шуағы» қо­­ғамдық сый­лығының бас иегері.

Темір ҚҰСАЙЫН,
«Егемен Қазақстан»

АҚТӨБЕ