Сондықтан, 2017-2018 жылдардың күзгі-қысқы кезеңіне нысандардың жалпы дайындығы қазір ойдағыдай болмай тұр. Тұрғын үйлердің ыстық сусыз қалуы-құбырларда бірқатар зақымдалулар анықталған. Қазір жұмыстар жүргізілу үстінде. Тіпті, қаланың Саяжай аумағына қарасты жылу құбырларын қайта жөндеу үшін екі жылға арналған жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптамада қаралуда.
Жалпы, жыл сайын қалада 9,5 шақырым жылу желілері жөндеуден өтеді. Негізі, жылу құбырларының ұзындығы облыс орталығында 700 шақырымды құрайды. Оның 78 пайызының әбден тозығы жеткен. Ал апатты жағдайдың алдын алу үшін жыл сайын 25 шақырым құбырды жөндеп,іске қосу қажет.
Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі алдағы жылу маусымына дайындық жұмыстарын жасамаған 75 тұрғын үй бар екенін де айтып отыр. Сондықтан, дайындық жұмыстары жүргізілген соң ғана бұл үйлерге жылу беріледі. Өңірде жылу беру маусымы 1 қазаннан басталмақшы.
Фарида БЫҚАЙ,
«Егемен Қазақстан»