Қазақстан • 25 Қыркүйек, 2017

Головкин «әлемнің ең шымыр спортшыларының» рейтингіне енді

315 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Головкин «әлемнің ең шымыр спортшыларының» рейтингіне енді

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің тамаша дене даярлығы Sports Illustrated басылымының «әлемнің ең шымыр спортшыларының» рейтингіне енуіне мүмкіндік берді, деп хабарлайды Sports.kz.

Геннадий рейтингтің 11-інші орнына орналасып, тізімдегі жалғыз боксшы атанды.

Сонымен қатар, рейтингке аралас жекпе-жек бойынша екі жауынгер - Конор Макгрегор мен  Деметриус Джонсон енді.  

Бұған дейін БАҚ GGG-дің мексикалық Сауль Альвареспен жекпе-жекке дайындығы барысында оның тамаша дене бітімін жарыса жазған болатын.