Қазақстан • 28 Қыркүйек, 2017

Google Translate қазақ тілінде ауызша аудару қызметін қосады

1124 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында "Ұлттық аударма бюросы" қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлы мəлімдеді. 

Google Translate қазақ тілінде ауызша аудару қызметін қосады

Рауан Кенжеханұлы бұл технология Google Translate жүйесіндегі аударма сапасын жаңа деңгейге көтеретінін атап өтті. "Қазіргі таңда Google Translate 103 тілде жұмыс істейді. Оны күніне 200 млн адам пайдаланады. Сондай-ақ қазақ тілін пайдалану да артып келетінін атап өткім келеді. Бұл технология қазақ тілінің цифрлық құрылғыларда кеңінен қолданылуына жол ашады. Ауызша айтылған сөзді қабылдап, оны басқа тілге аудару аса күрделі инженерлік жəне лингвистикалық шешімдерді қажет етеді. Осы мəселелерді сəтті шеше алған тілдерге Voice-to-Text  технологиясы білім беруде, күнделікті қарым-қатынаста, бизнесте, аударма ісінде, тілдерді үйренуде кеңінен қолданылады. Бүгінгі таңда дауысты мəтінге аудару қызметі əлемнің 32 тілінде бар" дей келе Рауан Кенжеханұлы енді Voice-to-Voice жүйесі қолға алынғанын, оның шетелге барғанда көмегі көп екенін айтты. Яғни, Voice-to-Voice қызметі Қазақстанға шетел туристерінің келуіне де əсер етеді. 

Естеріңізге сала кетсек, WikiBilim қоры Beeline компаниясының қолдауымен 2014 жылдың желтоқсан айында Google Translate қызметінде қазақ тілін іске қосқан болатын. 

Гүлнұр Қуанышбекқызы,

"Егемен Қазақстан"

Суретті түсірген автор