ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі посткеңестік кеңістікте тұңғыш рет Қазақстанда өтті. Бұл жоба сәтті жүзеге асты. Қазақстандықтарды, шетелдерден келген қонақтарды зор қуанышқа, шаттыққа бөледі. Жастардың көзін ашып, алға ұмтылдырды. 93 күнге созылған мәдени шаралар Астананы ғажап бір мереке орталығына айналдырды. Қазақ жеріне достық, даму, жетілу мен табыс әкелді. Қазақ елінің көркін, табысты экономикасы мен тарихын, дәстүрлерін бүкіл дүние жүзіне паш етті.
Күн энергиясын, соған байланысты болашақ технологияларды ұтымды пайдалана білу – барлық мемлекеттің арманы. Ол – болашақтың таусылмас қайнар бұлағы. Мемлекет басшысы Н.Назарбаев болашақтың энергиясын назарда ұстап, еліміздің экономикасын дамытуға жете көңіл бөліп келе жатқан көреген адам. Оның идеялары, биік бастамалары, еңбектері бізге үнемі күш-қуат беріп, достықтың, бейбіт өмір мен дамудың туын ұстауымызға жол көрсетіп келеді.
Күн энергиясы барлық энергиядан арзан, тиімді. Оны әлемдегі барлық мемлекет өз жетістіктерінің қатарына қосқысы келеді. Оны дұрыс, тиімді пайдалана алу адам баласына үлкен жетістік пен жеңілдік әкеледі. Ал Қазақстанға, ЭКСПО-2017 көрмесіне келген шетелдік туристер еліміздің бейбіт, қонақжай ел екенін, Астананың басқа ірі дамыған мемлекеттердің астаналарынан кем емес екенін көріп, қызығып кетті.
ЭКСПО-ның тарихы әріде жатыр. Біз үшін оның аты Францияның астанасы Париж қаласымен, атақты әнші Әміре Қашаубаевпен байланысты. Ол – 1851 жылы Англияның астанасы – Лондон қаласынан бастау алған экономикалық жетістіктер мен ғылыми дамудың, инновациялық технологиялардың үздік көрмесі. Оның адамзатқа беретін тағылымы үлкен. Ол – достықтың, татулықтың, жетістік пен дамудың үлкен бір көрсеткіші болды.
ЭКСПО-ның туын ұстаған елдер бақытты. Сол бақытқа Қазақ елі де жетті. Көрме Қазақстанды әлемдік аренада тағы бір биікке көтерді. Осы орайда ЭКСПО-2017-нің Қазақстан тарихында алатын орны да зор болмақ.
Аида СЫБАНБАЕВА,
Астана тұрғы