29 Қыркүйек, 2017

Қазылған да тасталған...

242 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

ал тақсіретін халық тартып отыр.

Бүгінде еліміздің экономикасы дамып, халқымыздың әлеуметтік жағдайы күннен-күнге көркейіп келеді. Өз кезегінде азаматтарымыздың өмір сапасы да жақсарып, тұрғындардың денсаулығы түзеліп, өмір сүру жасы ұлғаю үстінде. Бұл бүгінгі күні мемлекет тарапынан атқарылып жатқан, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың ерен еңбегі мен қамқорлығының арқасында қол жеткізген игі жетістіктеріміз болып табылады. Алдағы уақытта да атқарылар істің ауқымы кең екені даусыз. Соның бірі – ел тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуді жалғастыру. 

Ауыз су мәселесі бұл Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемдік деңгейдегі мә­се­леге айналып отыр. Өйткені адам денсаулығы мен өмірінің сапасы осы ауыз суға тікелей байланысты. Сон­дықтан да мемлекетіміз бұл мә­се­леге үнемі зор жауапкершілікпен қарап, ха­лықты ауыз сумен қамтуда көптеген ша­руаларды атқарып келеді. Оның ішінде тиімді жасалған «Ақбұлақ» бағ­дар­ламасының маңызы зор. Дегенмен, осын­дай бағдарламалар аясында елді ме­кендерді ауыз сумен қамтамасыз ету жұмыстары кейбір жерлерде өз дә­режесінде атқарылмай қалып жатыр. Ел­ге ауыз су жеткізіп беру мақсатында бюд­жеттен бөлінген қаражат құмға сің­ген судай жоғалып кетуде. 
Сондай жайттардың бірі Алматы облысы Ұйғыр ауданы Үлкен Дихан ауылында орын алып отыр. Бұл ауылдың бір топ тұрғындарынан осы жылдың мау­сым айында менің атыма хат келген бо­латын. Хатта Үлкен Дихан ауылын ауыз сумен қамту бойынша мем­лекет та­рапынан 3 жыл бұрын бас­тал­ған құ­рылыс жұмыстарының аяқсыз қал­ға­ны және 2016 жылдың қазан айында пайдалануға берілуі тиіс жобаның орын­далмағаны баяндалыпты. Мен өз кезегінде бұл мәселені Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің алдына қой­ғанымда ол министрлік аталған құрылыс жұ­мыс­­тары биылғы жылдың қыркүйек ай­ына дейін аяқталады деп жауап бер­ген болатын. Бірақ осы жылдың шіл­де-тамыз айларында Парламент Мә­жі­лісі депутаттарының халықпен кез­де­суі ая­сында мен Алматы облысы тұр­ғын­да­рымен жолығып, аталған Үл­кен Ди­хан ауылына арнайы барып, жағ­дай­мен толық таныстым. Аталған жоба құ­рылысы жартылай басталып, аяқсыз қал­ған күйінде жатқанын, ешқандай құ­рылыс жұмыстары жүргізілмей тұ­р­-
ғанын көрдім. Ауылға құбыр тарту мақ­сатында қазылған каналдар ашық-ша­шық күйінде қалдырылған. Қазба жұ­мыстары барысында ауыл егінін сумен қамтамасыз етіп келген арықтар бұзылып, жауып тасталған. Нәтижесінде ондаған шаруа қожалықтары жерлерін игере алмай, кәсібін тастап кетіп жатыр. Яғни ауылға ауыз су келмеген, ал егін суы арықтары жарамсыз болып қалған. Ауылдың негізгі көшесінің бойы-
мен қазылған күйінде қалған каналдар тұр­ғындарға жол қатынасына ың­ғай­сыз­дық туындатып жатыр. Ол шұң­қырларға тіпті, кейбір азаматтар құлап, ауыр жарақат алған жағдайлар болыпты. Құны 161,3 млн теңгені құрайтын аталған жобаға 131 млн теңгесі бөлініп қойғанмен жауапты «Шахстрой» деп аталатын мердігерлік компания мін­детін атқармаған. Осы жағдай бүгінгі күнге дейін өзгеріссіз күйінде қалып отыр.
Осы мәселені мен депутаттық сауал жол­дап, Премьер-Министр Б.Сағын­та­ев­қа жеткіздім. 

Шаймардан НҰРЫМОВ, 
Мәжіліс депутаты