Ауыр атлетикадан әлем чемпионаты АҚШ-тың Анахайм қаласында 28 қараша мен 5 желтоқсан аралығында өтеді. Бір жылға Қазақстан, Ресей, Қытай, Беларусь, Әзербайжан, Түркия және Молдавия федерациялары шеттетілді. Бұл елдердің 2008 және 2012 жылғы Олимпиадаларда қайта жүргізілген допинг-тестілеуден үш немесе одан көп спортшысының қан құрамынан тыйым салынған заттар табылған.
Осылайша осы елдердің ауыр атлеттері бір жылға IWF аясындағы барлық халықаралық жарыстан шеттетіліп отыр.
Еске салайық, мұның алдында Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасына допинг ереже бұзушылықтарына байланысты Анахаймада өтетін 2017 жылғы әлем чемпионатына қатысуға тыйым салынатыны хабарланған еді.