Қазақстандық шаруаларды кәсіпке оқыту және үйрету ісімен шұғылданатын «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының Біліктілік орталығы шетелдік сарапшыларды шақыра отырып, кәсіпкерлік субьектілердің жұмысын тереңдей талдау, жетістігі мен кемшілігін анықтап, нақтылай кеңестер беру ісімен де айналыса бастады. Жуықта осы орталықтың шақыруымен келіп, елімізде жұмыс істеп жүрген француз сарапшысы Бернард ФАЙЕМЕН әңгімелесудің сәті түскен еді.

– Бернард мырза, сіз Қазақстанда нақты қандай мәселемен шұғылданып жүрсіз?
– Мен жалпы түйе және жылқы шаруашылықтарын дамыту ісімен шұғылданамын. Осы бағыт бойынша әлемнің бірқатар елдерінде жұмыс істедім. Дәл қазір Қазақстанда жылқы шаруашылығын дамыту мәселесімен айналысудамын.
– Сіз Қазақстанмен, мұндағы жылқы шаруашылығының жағдайымен және оны жүргізудің әдіс-тәсілдерімен, өзіндік ерекшеліктерімен жақсы таныссыз ба?
– Таныспын деп айтуыма болады. Өйткені мен Қазақстанмен 19 жыл бойы тығыз қарым-қатынаста жұмыс істеп келемін. Былайша айтқанда, жиі келіп-кетіп жүремін.
– Осы уақыт аралығында Қазақстандағы жылқы шаруашылығынан қандай өзгерістерді байқадыңыз?
– Мен ең алғаш мұнда 1998 жылы келдім. Сол кезде тек жылқы шаруашылығының ғана емес, жалпы ауыл шаруашылығының жағдайы өте нашар еді. 2000 жылдардың басында жағдай біршама жақсара түскенімен көптеген фермерлердің жылқы өсіруден бас тартқандығын көрдім. Қазір енді бұл салада жағдай біршама оңала бастаған секілді. Өйткені жылқы өсіретін ірі шаруашылықтар да пайда бола бастапты. Дегенмен жылқы өсірумен әлі де жеке үй шаруашылықтары мен ұсақ фермерлер шұғылдануда.
Менің ойымша, ұсағы да, ірісі де қатар өмір сүруге тиісті. Өйткені ірі шаруашылыққа жағдай туғызу қажет болса, ұсақ шаруашылықтар кез келген жағдайда өмір сүре алады. Сондықтан шаруашылықтарды ірілендіреміз деп ұсақтарының ісіне тежеу салмаған жөн. Даму эволюциялық жолмен жүруі тиіс.
Тағы бір байқағаным, бұрынғыға қарағанда жылқы өнімдерінің сан алуандығы да арта түскен. Мәселен, бір қымыздың өзінің бірнеше түрін кездестіруге болады. Міне, осы жылқы өнімдерін түрлендіруге әркез мән беріп отыру керек. Нарықтың өзі осыны талап етеді. Өнімдер әртүрлілігі арқылы өтімді бола түседі.
– Ал біздің жылқы бағу әдіс-тәсілдеріміз туралы не айтасыз? Қандай кемшіліктерді байқадыңыз?
– Бұл өте қиын сұрақ екен. Өйткені мыңдаған жыл бойы жылқы бағып келе жатқан қазақтарға мен бұл жайында қандай ақыл айта аламын?! Айтарым тек шаруашылық жүргізу тәсілдерін интенсивтендіру жайында болмақ. Мәселен, жылқының күтімін жақсарту үшін оларды қатаң қыста ұстайтын жылы қоралар салып, ондағы жұмыстарды, сондай-ақ бие саууды механикаландырса, жылқыны азықтандыру мәселесін жақсартса жөн болады демекпін. Әрине, жылқы тұқымын асылдандыру ісімен шұғылдану қажет.
Кеңес өкіметі кезінде жоғарыдағы мәселелермен арнайы ғылыми-зерттеу институттары, ұжымшар, кеңшарлар нақтылы шұғылданған. Мал басының есептілігі күшті болған. Сондықтан Қазақстанда жылқы шаруашылығының дамуы басқа елдерден көш ілгері жағдайда болды. Енді меншіктің алуан түрлі формасын сақтай отырып, осы жағдайға қайта қол жеткізу керек.
– Қазақ та, француз да жылқы етін жейді. Осы мәселеде екі елде айырма бар ма?
– Әр қазақ әр французға қарағанда, жылқы етін он есе көп жейді дер едім. Содан кейін тағы бір айырма – француздар жылқы етін стейк түрінде жейді. Оны асханаларда шыж-быж еткізіп, тез дайындай салуға болады. Ал қазақтар ұлттық тағам болған соң оны барынша баптап әзірлейді. Мәселен, қазы айналдырудың өзі үлкен еңбек қой.
Тағы бір айырма, қазақтар жылқы етін шикізат күйінде алып тұтынса, француздар оны жартылай дайын өнім күйінде алады. Қазақтың бір артықшылығы, жылқы етінің барлық мүшесін тегіс тұтынады. Сондықтан одан қалдық қалмайды.
Францияға жылқы еті Латын Америкасы елдерінен және Моңғолиядан әкелінеді. Әрине, бұл француздар жылқы өсірмейді деген сөз емес. Біз өзіміз өсірген тірі малды Италияға сатамыз. Бұл – біздің рыногымыздың өзіндік бір ерекшелігі.
– Жылқы өнімдерін іске жарату мәселесінде қандай ақыл-кеңес берген болар едіңіз?
– Бұл мәселеде ойланатын жайттар бар. Бүкіл әлемде жылқы өсірумен шұғылданатын елдер тым аз. Санасақ он саусаққа да жетпейді. Міне, осы аздың бірі – Қазақстан. Менің ойымша, қазақтар осы істі атакәсіптеріне балағанымен қазіргі нарық жағдайында оның игілігін дұрыстап көре алмай келеді. Неге? Себебі ет жеу, қымыз ішу, жылқыны көлік ретінде пайдалану және бәйге ұйымдастыру деңгейінде ғана қалып отыр. Ал бұлардың барлығы атамзаманнан бері келе жатқан дүниелер ғой. Неге қазіргі технологияларды пайдалана отырып жылқы өнімдерінің өтімділігін арттыру, ол үшін оның пайдалану аясын кеңейту мәселесін тереңнен ойластырмасқа?
Мәселен, косметика өндірісінің көшбасшысы болып табылатын француздың «L’ORÉAL» компаниясы бие сүтін пайдалана отырып, одан неше түрлі косметикалық өнімдер шығарады және оларды өте қымбат бағаға сатады. Табатын пайдасы шаш-етектен. Сондай-ақ, Франция мен Германияның бие сауатын фирмалары да өз беттерімен косметикалық өнімдер шығарады. Ендеше, осындай істі неге жылқыға бай ел Қазақстанның өзінде ұйымдастырмасқа?! Тіпті алысқа бармай-ақ, бие сүтін кептіру технологиясын меңгеріп, оны ваннаға қолдануға да болады.
Бие сүті – ана сүтіне ең жақын сүттердің бірі. Демек, нәрестелерге берілетін тағамдар әзірлеуге де бие сүтін қолдануға болады.
Қысқасы, жылқы өнімдерінің қолдану аясын кеңейту ісін ойластырғанда осындай қаперге алатын мәселелер көп-ақ. Тек бұл мәселеде қазақстандық кәсіпкерлердің ілкімділігі мен іскерлігі жетіспей тұрған секілді.
– Әңгімеңізге рахмет.
Әңгімелескен
Сұңғат ӘЛІПБАЙ,
«Егемен Қазақстан»
Суретті түсірген Исатай Жекежанов
Қазақстан мен Қытайда екі елдің Мәдениет орталықтары ашылады
Қазақстан • Кеше
Елордада жөндеу жұмыстарына байланысты жол жабылады
Елорда • Кеше
Польшада Қазақстанның Құрметті консулдығы ашылды
Әлем • Кеше
Ертең еліміздің басым бөлігінде аптап ыстық болады
Ауа райы • Кеше
БҚО-да көлде ағып кеткен бала үш күннен кейін табылды
Аймақтар • Кеше
Қанат Таймерденов жаңа қызметке тағайындалды
Тағайындау • Кеше
Үкімет басшысы қант бағасын реттеуді тапсырды
Үкімет • Кеше
ҰҚК Шекара қызметінің экс-басшысы қамауға алынды
Қоғам • Кеше
Президенттің БАҚ саласындағы сыйлықтары мен гранттары табысталды
Президент • Кеше
Президент АХҚО басқарушысы Қайрат Келімбетовті қабылдады
Президент • Кеше
Елімізде коронавирус жұқтырғандардың саны артты
Коронавирус • Кеше
Ақтөбе облысында 6 ірі су қоймасы салынады
Аймақтар • Кеше
Алматы әкімдігінің құрылымы өзгерді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Абиба Әбужақынова «Grand Slam» турнирінде қола жүлде алды
Күрес • 24 Маусым, 2022
«AMANAT» – 2022 медиа сыйлығының жеңімпаздары анықталды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Оқиға • 24 Маусым, 2022
«Егемен Қазақстан» газетінің тілшісі AMANAT медиа сыйлығын иеленді
Егемен Қазақстан • 24 Маусым, 2022
«IQanat» қоры ауыл оқушыларының сапалы білім алуға қолжетімділігін арттырады
Білім • 24 Маусым, 2022
Мәдениет қызметкерлерінің жалақысы өседі
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Тоқаев Си Цзиньпин ұсынған Жаһандық қауіпсіздік бастамаларын қолдады
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев инфляцияның өсуі өзекті мәселе екенін атап өтті
Президент • 24 Маусым, 2022
Әлемде азық-түлік мәселесіне қатысты жағдай күрделеніп кетті - Тоқаев
Президент • 24 Маусым, 2022
Қасым-Жомарт Тоқаев БРИКС+ ұйымының жаһандық даму жөніндегі диалогына қатысты
Президент • 24 Маусым, 2022
Ұлттық банк рубльдің нығаю себебін түсіндірді
Экономика • 24 Маусым, 2022
Қостанайда VII «Бұқаралық спорт Олимпиадасы» аяқталды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Өзбекстан Түркі академиясы ұйымына бақылаушы мәртебесін алды
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Мәулен Әшімбаев: Реформалардың басты мақсаты – әділетті Қазақстан құру
Парламент • 24 Маусым, 2022
Петропавлда Қазақстан полициясының құрдасы қызмет етеді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Парламент • 24 Маусым, 2022
Америкада қоғамдық орында қару ұстауға рұқсат берілді
Әлем • 24 Маусым, 2022
Флоридада су астына сүңгу кезінде екі адам қайтыс болды
Әлем • 24 Маусым, 2022
ШҚО тұрғындарынан мина мен қару тәркіленді
Аймақтар • 24 Маусым, 2022
Бүгін әлемде 400 мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Коронавирус • 24 Маусым, 2022
Президент ФИДЕ-нің ең жас чемпионы Малика Зиядинді құттықтады
Президент • 24 Маусым, 2022
Антикор Нұрлан Мәсімов туралы мәлімет үшін сыйақы жариялады
ANTIKOR • 24 Маусым, 2022
72 жастағы қария Ұлытаудан Павлодарға дейін жаяу жүрген
Қоғам • 24 Маусым, 2022
Жеті жасар қазақстандық шахматшы ФИДЕ-нің әлем чемпионы атанды
Спорт • 24 Маусым, 2022
Ұқсас жаңалықтар