Әдебиет • 03 Қазан, 2017

Соғыс пен бейбітшілік

4512 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Тақырып ә дегенде өткен тарих­­тың жылнамасынан сыр шер­тетін тарихи әпсана тәріз­ді көрінуі әбден мүмкін кей оқыр­манға. 

Соғыс пен бейбітшілік

Толстойдың шығар­ма­сы санатында санаға сіңген соң, әдебиеттің айнала­сындағы әңгі­ме ме деп қалуыңыз бек мүм­­кін. Әйтсе де біздің айтпа­ғы­­мыз әдебиетке қатысы жоқ, бүгін­гі өмірімізбен біте-қайнас­қан мәсе­ле. Ғаламның түк­пір-түк­пірін­де бо­лып жат­қан со­ғыс­тар біз­дің тақы­­рыбы­мыз­дың басты дәлелі. Адам­зат өрке­ниет­тің ең биік саты­­сына көте­ріл­ген ХХІ ғасыр­да да қырғын то­лас­тар емес. Тым ащы есітілуі мүм­кін, бірақ қыр­ғын­­ның аты – қыр­ғын. Жұмыр жер­­дің бетінде тір­шілік атаулы өз ыр­­ғағымен, эволю­циялық жол­мен өсіп-өркендеуі туралы әңгі­ме қоз­ғау асылық болар. Ен­деше, бей­бітшілік туралы мәсе­ле де күн тәртібінен түспек емес...

Өркениет өлшемінің бірі ре­тін­де ғаламторды айтып жүр­­­міз ғой. Сол ғаламтор өт­кен та­­­рих­­тың әлдеқайда ұмыт бол­­­ған қасірет белгісін қай­та жа­ды­­мызда жаңғыртып жатыр... «Лайк» атауымен пікірің­ді біл­діретін «саусақтар қимы­лының» тамыры тереңде. Ежелгі Римде «сау­сақтың жоғары қарағаны» – өмір­ді, саусақтың төмен бүгілуі – өлімді білдірген көрінеді... Сурет­ші Жан-Леон Жером салған «Төмен бүгілген саусақ» (1872) Финикс көркемсурет музейінде (АҚШ) сақтаулы тұр. Осы кар­тинадан рухтанған Ридли Скотт «Гладиатор» фильмінде сау­сақ қимылдарын өз ырқына пай­да­ланған еді. «Өлім» мен «өмір­ге» байланысты. Ал енді сау­сақ­тардың ғаламтор бетінде «сөй­лей» бастағаны ойлан­дырады... Сөйтіп ғалам­тордың бір кездегі гладиаторлардың өлім мен өмір арпалысын қайта жаң­ғыртып жатқан жайы бар...

Ғаламторды қоя беріңіз, ха­лық­­аралық саясатта да «сау­сақ­­тар қақтығысы» жүріп жат­қандай көрінеді. Біз жоғарыда айтып өткен соғыс пен бейбітшілік төңі­ре­гіндегі әңгіме де осыдан өр­біп отыр. Жер шарының бұ­рыш-бұ­рышында болып жат­қан қанды қақтығыстар да осындай ойға жетелейді...

Бейбітшілік туралы әңгі­ме қоз­ғала қалса, тағы да ұлы ақын­ның даналығына үңілеміз. Абай­дың «Ескендір» поэмасын әлем тіл­­деріне аударып, мемле­кет бас­­шыларының үстел кіта­бы­на айнал­дырар ма еді?! Кей­бір төрт­күл дүниеге билік жүр­гізгісі келе­тін кеудемсоқ тұлға­лар сонда саба­сына түсер ме еді, кім білсін?!. Ұлы ақын поэмасында «ханның ханы, патшаның патшасы» атан­ған, жарты әлем­ді жаулаған Алек­сандр Маке­дон­скийдің өзін тәубе­ге түсі­ріп, адам атаулының көзі би­лік пен байлыққа ешқашан той­­май­­тынын, бір уыс топырақ қана ашқарақтықтың аранын баса­ты­ндығын ғұлама Аристо­тельдің ақылымен дәлелдеп берді емес пе?!

Ескендір Александр Маке­дон­­скийді неге айтып отырсыз дерсіз, заманы бөлек болғанмен, Ес­кен­дірдің есерсоқ әрекетін жасап жүргендер қазір де жетеді. Ал­ты құрлыққа дегенін жүр­гізіп, саусақ қимылымен-ақ шарта­рап­қа бұйрығын орын­датуға ұм­тылу­шылар бар. Ұлы Абайдың тағы­лымды тәм­сі­лін еске алып отыр­ғаны­мыз да сол. Ха­лық­ара­лық сая­сатт­ы өз ың­ғайына қарай икем­де­гендер соңғы кездері тұтас халықтардың тағдырын «ақ­т­абан шұбырынды, алқа көл сұла­­маға» айналдырып жіберді емес пе. Парсы жағалауынан «елім-айлаған» ел-жұрт қарт құр­­лыққа қарай жөңкіліп жат­қаны да солақай саясаттың кесірі емес деп кім айтады?!. Осындай тра­ге­диялық ахуалды «мың өліп, мың тірілген» халық қана біледі. Қазақстанның Сирияда соғысып жатқан­дарды бәтуаластыру үшін төрін ұсы­нып отырғаны да сон­дықт­ан. Бей­біт күннің қадірін отар­лық езгі­нің, қуғын-сүргіннің азабын тартып, төрткүл дүниеге тары­дай шашылған Алаш баласы білмегенде кім біледі?! Қазақ­стан басшысының бірлік, ынты­мақ пен бейбітшілік туралы жиі-жиі әңгіме қозғайтыны да сол.

«Бейбіт күннің бәрі де, Же­ңіс күні, шырағым» деп ақын Қай­рат Жұмағалиев жыр­лаған­дай, бейбіт күндер, тыныш жыл­­дар орнық­қанға не жетсін төрт­күл дү­ние­де. Қазақ атамыз айт­қан «қой үстінде бозторғай жұмырт­қалаған заман» – сол бейбіт өмір емес пе!

Журналист пен Суретші