Қазақстан • 03 Қазан, 2017

Астана әкімі қоғамдық көлікте тегін жүру ұсынысына түсініктеме берді

269 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астана әкімі Әсет Исекешев «Астана LRT» компаниясының қоғамдық көлік үшін әр пәтерден төлем жинау туралы ұсынысына түсініктеме берді, деп хабардайлы astana.gov.kz.

Астана әкімі қоғамдық көлікте тегін жүру ұсынысына түсініктеме берді

«3857,3 теңге (1,7 АЕК) жинау туралы бастама пайдаланылмаған қызметтер үшін төлем төлететін жағдайда қабылданбайды. Бұл тек АЛРТ компаниясының елорданың көлік жүйесінің дамуына қатысты мәлеселері талқыланған партиялық тыңдалымда ұсынылған идеяның бірі. Ұсыныстар мен идеялар әлі күнге дейін қабылданып жатыр. Шешім әлі қабылданған жоқ, сондықтан қалалықтарға уайымдауға еш негіз жоқ», - деді Әсет Исекешев.

Әкімнің сөзінше, «қазір Астананың көлік кешенің одан әрі дамыту моделінің бастапқы кезеңі жүріп жатыр. Арнайы жұмыс тобы мәселелерді шешудің түрлі нұсқаларын талқылауда. Барлық ұсыныстарды саралаған соң, олар өз шешімін әкімдіктің қарауына жолдайды».