Алматы қаласы Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының басшысы Мақсат Қиқымов «Almaty Invest» жыл сайын өзінің алаңында беделді саясаткерлерді, әлемдік және отандық бизнес көшбасшыларын, инвестициялық корпорациялар, қаржы институттары және халықаралық ұйымдар басшыларын жинайтынын жеткізді.
«Осы жылғы форум жұмысына әлемнің 28 елінен келетін 500-ден астам делегат қатысады деп күтілуде. Іс-шараны қазақстандық тәуелсіз бұқаралық ақпарат құралдарының негізін қалаушылардың бірі бизнесмен Арманжан Байтасов жүргізетін болады. Форумның басым міндеті шетелдік инвесторларды тарту, сондай-ақ іске асырылған жобалармен қатар, инвестициялар салуды қажет ететін келешек жобалардың тұсау кесерін көрсету болып есептеледі», деді спикер.
Сонымен қатар, ол бұдан бұрын өткен форумның қорытындысына тоқталды. 7,7 млрд. теңгенің 5 жобасы қазіргі кезде іске асырылып, 1230 жұмыс орны құрылғанын баяндады.
«Land Master Co., Ltd» Оңтүстік Корея компаниясымен 10 мың түп көшет отырғызылды, көшеттік ашылды, Moskva Metropolitan сауда орталығының 2-ші кезегі іске қосылды. Алдағы форум өткеннен кейін біз бұдан да көп тікелей шетелдік инвестициялар тартуды көздеп отырмыз», деп спикер өз сөзінде.
Сондай-ақ, жиынға қатысушылар брифинг барысында форум бағдарламасында логистикаға, білімге, тамақ өнеркәсібіне және киноиндустрияға арналған 4 секцияның көзделгенін айтып берді. Олардың айтуынша, бұл салалар қарқынды түрде дамуда және инвестициялар салудың келешегі зор салалары болып есептеледі.
Спикерлер ретінде халықаралық және отандық инвесторлар мен сарапшылар сөз сөйлейді. Жекелей алғанда, олар Глигор Ташкович мырза, India & UK «Sethia Group» төрағасы, Newby Teas негізін қалаушы Нирмал Кумар Сетия, «Selma group» құрылтайшысы, «Cameroil & TEC AG» бас директоры Майкл Боно, MTV ТА продюсері Ричард Корам, Қазақстандағы «Haileybury» Қамқоршылық Кеңесінің төрағасы Иан Хант, Қазақстанның ірі инвесторлары Айдан Кәрібжанов және Сиддик Хан, тәуелсіз экономист Рахым Ошақбаев және басқалар.